Болат Бақауов

Тоқаевтың тапсырмасы: Павлодар облысының әкімі халықпен "басқаша" сөйлеспек

1288
(Жаңартылды 16:33 05.04.2019)
Павлодар облысының тұрғындары өңір басшысымен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халықпен видео үндеу арқылы сөйлеспек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін өңір басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы үндеу жариялады. Облыс әкімінің айтуынша, оған осы уақытқа дейін халықты толғандырған 400-ден астам хабарлама келіпті.

"Құрметті павлодарлықтар, Instagram желісінде жеке парақшамды ашқаныма шамамен 2 ай болды. Осы уақыт аралығында маған 400-ден астам түрлі өтініш пен ұсыныс келіп түсті. Мен барлық мәселеден өзім хабардар болғым келеді. Бірақ барлығына жауап беруге уақыт табыла бермейді. Себебі, бұл мәселелер зерттеуді талап етеді", - деді ол өз видео үндеуінде.

Осы орайда Болат Бақауов Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратында тұрғындар үшін арнайы кабинет ашқанын мәлімдеді. Енді павлодарлықтар өздерін толғандырған мәселе бойынша өңір басшысымен тікелей сөйлесе алады.

"Барлығына қолайлы болу үшін облыстық әкімдік ғимаратында кабинет ашу туралы шешім қабылдадым. Оған әрбір азамат келіп, өзін толғандырған сұрақ бойынша видео үндеуін жазып, оны маған қалдыра алады. Барлық видео үндеудегі мәселені зерттеп, шешу үшін оны өзім жеке қараймын", - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bulat BAKAUOV (@bbakauov)

Айта кетейік, қазіргі таңда Болат Бақауовтың Instagram желісінде 16,1 мың оқырманы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 27 наурызында Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада әкімдерді жинап, оларға халықпен тығыз байланыс орнатуға тапсырма берген.

"Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі аталып өтті. Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты", - деп жазған болатын мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

1288
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Болат Бақауов
Тақырып бойынша
Жаңа президент үкімет басшысы Маминге қандай тапсырма берді
Президент Тоқаев Ақордада алғашқы кеңес өткізді
Бақауов облыс әкімдері арасында үздік мерген атанды
Президент Тоқаев Шпекбаев пен Асановқа тапсырма берді
Павлодар әкімі 50 миллион теңгеге үй сатып алғаны үшін жазаланды
"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін" Тоқаев Мамин мен Шөкеевке тапсырма берді
Загрузка...