Қылмыскер ұсталды

Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды

1031
(Жаңартылды 17:10 05.04.2019)
Кәсіпкерден он мың доллар бопсалаған топ мүшелері қылмыс үстінде қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Шымкентте ҰҚК департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін құрықтады. Олар жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

6 членов ОПГ задержаны в Шымкенте
Шымкенттегі арнайы операция

Күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстары да тексеріліп жатыр. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, күдіктілердің жат діни ағымды ұстанатыны белгілі болған. Олардың бәрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұған дейін бірнеше мәрте сотталған екен.  

6 членов ОПГ задержаны в Шымкенте
Шымкенттегі арнайы операция

"Қылмыстық топ мүшелері қылмыс үстінде қолға түсті. Олар жергілікті кәсіпкерлердің біріне сес көрсетіп, он мың доллар көлеміндегі ақша бопсалады. Тінту кезінде қылмыстық топтың қару сақтайтын жері анықталды. Қарудың бес түрі мен оқ-дәрі табылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

6 членов ОПГ задержаны в Шымкенте
Шымкенттегі арнайы операция

Қазір олардың діни себеппен жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

1031
Кілт сөздер:
қылмыс, ұлттық қауіпсіздік, ұсталды, қылмыстық топ, Шымкент
Тақырып бойынша
Астанада жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді
ҰҚК: Алматыда қылмыстық топ көшбасшылары мен АІІБ бұрынғы басшысы ұсталды
Офицерлер қылмыстық топ құрып, қомақты қаражат жымқырған
Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Загрузка...