Алмас Оңдақанов

Курчатов әкімі көз жұмды

2037
Алмас Аманқолұлы Оңдақанов ұзақ уақыт бойы аурумен күрескен

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды.

"Өкінішке қарай, Алмас Аманқолұлы ұзаққа созылған сырқатынан кейін 45 жасқа қараған шағында көз жұмды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Курчатов әкімдігінен.

Алмас Оңдақанов еңбек жолын 1995 жылы бастады. Сол кезде ол Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: "Димашты әкелем деген": Алматы әкімі Қажымқан Мәсімовтің соңғы жоспары туралы айтты

Кейін әртүрлі жылдары ШҚО сыртқы экономикалық байланыс басқармасы хаттама бөлімінің басшысы, Курчатов әкімі аппаратының басшысы, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Алмас Оңдақанов Курчатов әкімі болып 2017 жылдың наурызында тағайындалған.

2037
Тақырып бойынша
Кәрім Мәсімовтың әкесі өмірден озды
Загрузка...