Теңге

Павлодарда қайтыс болғандардың бірнеше ай бойы зейнетақы "алып келгені" анықталды

449
Заңғы қайшы әрекетті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласында қайтыс болған адамдарға бірнеше ай бойы зейнетақы төленіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде қайтыс болған адамдарға бірнеше ай бойы жүйелі түрде зейнетақы мен жәрдемақы төленіп келгені анықталды.

"Бұған қоса сабын, жаялық сияқты гигиеналық және дәрілік заттар беріліп отырған. Тіпті, көз жұмған адам стоматологтың да қызметін "алған", - дейді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қанат Қасымов.

Оның айтуынша, дәл осындай 38 дерек тіркелген.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты астаналық әйелдің ер адамға "айналып" кеткенін айтты 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кәшкенова бұл мәселе бақылауда екенін жеткізді.

"38 фактінің сегізі нақтыланды. Орталық қызметкерлері заттарды өздері алып отырған. Келтірілген шығын көлемі – 184 мың теңге. Ал қалған 32 дерек нақтыланбады. Іс жүзінде заттар жоғалмаған. Орталықтағы жұмыстың жүйелі жүргізілмеуінен әрі қызметкерлер арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуінен осындай жағдай туындаған. Адамның қайтыс болғаны уақытылы хабарланбаған", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Павлодарда жүзден аса тұрғын әп-сәтте "қаңғыбасқа" айналды

Кәшкенова өз кінәсін мойындаған қызметкерлерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Егер қызметкерлердің кінәсі толық дәлелденсе, олар қызметінен босатылуы мүмкін.

449
Кілт сөздер:
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, жәрдемақы, зейнетақы, Павлодар
Тақырып бойынша
Вице-министр 1 шілдеден бастап зейнеткерлер үшін не өзгеретінін түсіндірді
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Қазақстандықтар зейнетақы қорында қанша қаражат жинады?
Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады
Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?
БЖЗҚ басшысы ауысты: зейнетақы қорын енді кім басқарады?
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Загрузка...