Ауа райы, архивтегі сурет

Минус 10 градус: Қазақстанда алдағы күндері күн суытады

1699
16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жауын-шашын, жылбысқа қар мен тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы минус 2-ден 10°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда ауа райы құбылмалы болады. Орталық Азия аймағынан жылжитын циклон мен Қазақстанның солтүстік аймағынан келетін суық арктикалық фронт ықпалынан жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты найзағай ойнайды", - деп ескертеді синоптиктер.  

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6°С-қа төмен болады, Ал оңтүстікте нормаға дейін төмендейді.

1699
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет, ауа температурасы
Тақырып бойынша
"Бұрқасын мен қатты жел" Синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты
Күн суытады: синоптиктер сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты
"20°C жылы" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Загрузка...