Архивтегі фото

Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған

2028
(Жаңартылды 12:34 17.04.2019)
Жантүршігерлік жағдайды Қазақстанның бас прокуратурасы мен ішкі істер, білім және ғылым министрліктері бақылауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде өгей ана үш қызды аяусыз ұрып-соғып, денесін пышақпен тілгілеген, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, бүгінде аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалған.

"Түркістан облысындағы ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денесінде ісік пен соққы іздері бар екенін байқаған. Олар полиция қызметкерлерін шақырған. Кейін аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғады. Отбасында үш бала бар екені анықталды. Қыздарды жәбірлеген әйел бірден полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тексеріс барысында өгей ана қыздарының денесін пышақпен тілгілегені анықталған.

"Өгей анасы балаларды ұрып-соққан, тістеуікпен азаптаған, денесінде пышақ іздері бар. Іс ішкі істер министрлігі, бас прокуратура, білім және ғылым министрлігі тарапынан бақылауға алынды. Тіркелген дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен Түркістан облысына министрдің кеңесшісі Раиса Шер жедел түрде аттанған.

Түркістан облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес, соққыға жығылған оқушылар үйіне жіберілмей, туған апасына жеткізілген.

"Қазіргі таңда балалар толық қауіпсіз. Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар қамауға алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылғаны анықталды", - деп хабарлады министрлік.

Білім және ғылым министрлігі ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ соққыға жығылған балалардың әкесін де айыру жөніндегі мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда балалар Жетісай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. Бүгін күдікті әйелге қатысты шектеу шаралары қолданылады.

2028
Тақырып бойынша
Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады
Шымкентте төрт ай бұрын жоғалған бала полицияға келіп, бар шындықты айтты
Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады
Павлодардағы қанды оқиға: анасы мен өгей әкесін өлтірген жасөспірімге үкім шықты
Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ұрып өлтірген Шымкент тұрғыны сотталды
Карантиндегі қала

Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?

596
(Жаңартылды 19:53 10.07.2020)
Демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады. Әкімдік осындай шараға баруға мәжбүр болғанын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысында демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тиісті қаулыға Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Асхат Шарәпиев қол қойды.

Қаулыға сәйкес, 11 және 12 шілдеде облыста қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық нысанның қызметі тоқтатылады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында облыстағы барлық базардың жабылатынын хабарлады.

"Облыста екі күнге қатаң карантин режимі енгізіледі. Үйдің жанындағы азық-түлік сататын  дүкендер жұмыс істейді. Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысы да тоқтайды", - деді Жүкел.

Айтуынша, демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады.

"Біз осындай шараға баруға мәжбүрміз. Әлі де ешқандай себепсіз көшеге шығып қыдырып жүрген адам көп", - деді Жүкел. 

Айта кетейік, 10 шілдеде Алматы облысының бас санитар дәрігер Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Кейінірек облыс әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің мезгілсіз қазасы жайлы хабарлады.

 

596
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Қазақстандықтар көшеде де бетпердемен жүру керек екені айтылды
Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Алматы тұрғындары

Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады

43
(Жаңартылды 17:03 10.07.2020)
Әкім орынбасары түсіндіру жұмысын күшейтіп, халықпен байланыс орнатуға назар аудару керек екенін айтты

АЛМАТЫ, 10 шілде — Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада халық көп шоғырланған аудандарда карантин режимін күшейтуді тапсырды.

Отырыста Алматыда қала тұрғындарының күшейтілген карантин режимін сақтауының аралық талдауы қаралған болатын.

"Қаланың бірқатар шағын ауданында халық әлі де көп шоғырланады. Аудан әкімдеріне жергілікті полициямен, эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп, қала тұрғындарының енгізілген шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды", - деді Бабақұмаров.

Түсіндіру жұмысын күшейтіп, халықпен байланыс орнатуға назар аудару керек екені айтылды. Адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар күшейтілетін болды.

 

43
Кілт сөздер:
карантин, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін

274
Қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Президент бұл бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жекелеген салықтардың мөлшерлемесін арттыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде үкіметте бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мәселелесі талқыланып жатыр. Соның ішінде жекелеген салық түрлерінің, оның ішінде корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру мәселелері қарастырылуда. 

"Бюджетке түсетін қаржыны көбейтудің ең қарапайым тәсілі осы болғандықтан, үкіметті түсінуге болады. Бірақ экономиканы жандандыру керек деп, салықты ойланбай, біржақты арттыру онсыз да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан аталған мәселені барынша ақылға салып шешу қажет", - деді Тоқаев үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысы бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды қысқарту қажеттігін жеткізді. Бүгінде экономика үшін тиімділігі аз салықтық жеңілдіктердің есебінен қосымша резервтерді қарастыру ұсынылып отыр.

274
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?