Бала

"Қатты итеріп жіберді": қызға жәбір көрсеткен ер адам жұрттың ашуын туғызды - видео

3058
Видеода ер адам кішкентай қызды көліктен алып шығып, қатты итеріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Ақтауда кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адам тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" порталы.

Оқиға қаланың 17-ші шағын ауданындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінің маңында болыпты. Куәгер болған жайтты ұялы телефонының камерасына түсірген.

Қарағанды тұрғыгы туған қызының тамағына пышақ тақатты

Видеода ер азамат кішкентай қызды көліктен алып шығып, қатты итеріп жібереді. Бүлдіршін жерге құлап түсіп, тәлтіректеп орнынан тұрады да, басқа көлікке қарай жүгіре жөнеледі.

Жетісайлық келіншек өгей қыздарын азаптап, дәптерге жазып отырған

Басылым Маңғыстау облысы полиция департаментінен осы жайтқа қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады.

3058
Кілт сөздер:
видео, қыз, ер адам, Ақтау
Загрузка...