Архивтегі фото

"Уланып өлгім келді " Қорлық көрген қыздардың туған анасы мәлімдеме жасады

3501
Жетісайдағы қыздардың туған анасы күйеуінен қорқып үйінен қашып кеткенін айтты 

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында өгей шешеден екі жылға жуық қорлық көріп келген үш қыздың туған анасы мәлімдеме жасады.

28 жастағы әйел өгей қыздарын азаптау тәсілдерін дәптерге жазып отырған

Соңғы екі жылдан бері Шымкентте тұратын 35 жастағы әйелдің айтуынша, қыздардың таяқ жеп жүргенін әкесінің білмеуі мүмкін емес. Бұрынғы күйеуі Нұрмұхамед Қойымбетовтің жат ағымға ергенін айтқан келіншек "бірге тұрған 10 жылда басыма әңгір таяқ ойнатып келді" дейді. Ал Қойымбетов мұның бәрін теріске шығарып отыр.

Бұрынғы күйеуі мен таныстарынан қорқамын деген әйел, аты мен бетін жасыруды өтініп, Нұрмұхамед Қойымбетовпен бірге тұрған кезін айтып берді. Мектеп бітіре сала 17 жасында махаббатпен тұрмыс құрған. Күйеуім үш жылдан соң жат ағымның жетегіне еріп, бірден құбылып шыға келді дейді ол. Орамалға оратып, үйге ақша әкелуді қойыпты. Шыдай алмай үйден кеткен соң да телефон арқылы қорқытқан көрінеді.

Өгей шешенің абысыны отбасыға қатысты тағы бір сұмдықты жария етті

"Қыздарға жолайтын болсаң атып тастаймын, үрім-бұтағыңмен жоқ қылам деді. Бүкіл сақалдыларды жинап, егіс алқабына апарып, маңдайыңнан атып тастаймын деп қорқытты", - дейді ол.   

Оның айтуынша, қыздарға да қол көтерген көрінеді. Бұрынғы күйеуін озбыр деп айыптаған ол қыздарының өгей шешесінен таяқ жеп келгенін білмеді дегенге сенбейді. Келіншек тіпті қыздарымен бірге өмірмен қош айтысқысы да келген көрінеді.

"Басымды дуалға ұрып, шашымды жұлған кездерім де болды. Өзімнің басымды жарып та тастағанмын. Газды қосып қойып, уланып өлгім келді. Мен қыздарымды тастап кетуге мәжбүр болдым. Сөйтіп өзім қашып кеттім. Кейін қыздарымды әкетемін деп ойладым".

Ал Нұрмұхамед Қойымбетовтің өзі КТК арнасына жіберген видео-мәлімдемесінде бұрынғы әйелінің сөздерін қып-қызыл жала дейді. Оның айтуынша, келіншегімен көзіне шөп салған соң ажырасқан көрінеді.

"Мен туралы жалған ақпарат беріп жатыр. Мен оны ұрған жоқпын. Ешқандай салафизм-малафизм, вахабист-махабист емеспін", - деп ақталды ол.

Жетісайдағы жантүршігерлік оқиғадан кейін бірнеше адамға қатаң тәртіптік жаза қолданылды

Өгей шешеден 2 жылға жуық жәбір көріп келген үш жеткіншек кешелі бері сот-медициналық сараптамасынан өту үшін Шымкентте болған. Олардың туған анасына қыздарымен жүздесу ұсынылған. Тек 35 жастағы әйел әуелі қыздармен психологтар сөйлесуі керектігін айтып бас тартты. Жеткіншектердің өздері де туған анасын көргісі келмейтінін айтып, қайтадан Жетісайға жол тартты.

3501
Кілт сөздер:
Жетісай, мәлімдеме, қыздар
Тақырып бойынша
Қатыгез ана баласының құлағын кесіп тастады – әйелді полиция ұстап әкетті
"Жиырма жыл көрмедік": Алматыда қызын сотқа берген қарияның ұлы әкесі жайлы шындықты айтты
Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ұрып өлтірген Шымкент тұрғыны сотталды
Шымкентте дәретханада баласын ұрған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Көпбалалы әке 4 жасар ұлын бұтына жібергені үшін аяусыз сабап өлтірді - видео
"Баласын таспен ұрып, комаға түсірді": алматылық әкенің ісі сотта қаралды
Загрузка...