Жедел жәрдем

Бір апта мәйітпен бірге жатқан: Семейдегі жантүршігерлік оқиғаның видеосы

4393
(Жаңартылды 16:40 20.04.2019)
Зейнеткердің көршілері бір апта бойы жатқан мәйіттің иісін сезіп, дабыл қағыпты

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Семейде зейнеткер әйел бір апта бойы әпкесінің мәйітінің жанында жатқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зейнеткерлердің көршілері ол пәтерден бірнеше жыл бойы жағымсыз иіс шыққанын айтады. Алайда бұл жолы иістен тұншыға бастаған тұрғындар полиция шақырыпты.

78 жастағы қарияның бір апта бұрын көз жұмғаны анықталды. Оны жанында болған сіңлісі психиатриялық ауруханаға жеткізілді.

"Ол ешкімге есік ашпайтын. Ал көз жұмған әпкесі дәрігер болатын. Бірақ ол төсек тартып жатты. Бір апта бұрын көз жұмыпты", - дейді зейнеткердің көршісі.

Қазір пәтерде ешкім тұрмайды.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері пәтер иесін анықтап жатыр. Тиісті құжаттар дайын болған соң, сотқа жіберіледі. Ал оған дейін үй тұрғындарына жағымсыз иіске шыдауға тура келеді.

4393
Кілт сөздер:
оқиға, видео, Семей, мәйіт
Тақырып бойынша
Қарағандыда 143 жыл "өмір сүрген" әйел тұрады
"Әдейі өрт қойған": Қостанайда зейнеткердің жұмбақ өлімінен кейін іс қозғалды
"Туыстарын іздеп жатыр" Шымкентте автобуста зейнеткер көз жұмды
"Маған айтпағаны жоқ" Алматылық қария АҚШ-та тұратын қызын сотқа берді
Әйел жоғалып кеткен сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген
Загрузка...