Күдікті, архивтегі сурет

Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды

14510
(Жаңартылды 21:32 20.04.2019)
Ешкімге тіс жармауы үшін өгей әке қызды әбден қорқытқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысының Қарлау ауылының мектеп оқушысын өгей әкесі зорлаған. Бұл туралы қыз ауырып, мектептегі дәрігер қаралуына барған кезде белгілі болды, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Тағы оқыңыз: Әйел өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алды

10 жастағы қыздың айтуынша, өгей әкесі мас болғанда зорлаған. Алдымен қыздың анасын ұрып, талдырып тастаған. Үйдегілердің бәрін қуып жіберіп, қызды зорлаған. Ешкімге тіс жармауы үшін қызды әбден қорқытқан.

"Сынып жетекшісі қыздың қатты ауырып ттұрғанын айтты. Мен қыздан: "Ішің ауыра ма?" ,- деп сұрағанда, ішінен төмен тұсын көрсетті. Бұдан соң, қызды аудандық ауруханаға жібердім", - деді ауылдағы медициналық пункт жетекшісі Рысжан Алдасүгірова.

Тағы оқыңыз: Әйел қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді

Оның айтуынша, қазір қыз психолог пен әлеуметтік қызметкердің қарауында. Дәрігер бұл жағдайдың неше рет қайталанғанын нақтылаған жоқ.

Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Абай ауылында 7 жасар баланы зорлады

Қыздың 32 жастағы анасы дағдарыс орталығына жіберілді. Олар ресми түрде үйленбеген. Әйелдің екі баласы мен ұлы болған. Күдіктіден тағы бір баласы бар екен. Олар уақытша интернатқа жіберілді.

14510
Кілт сөздер:
өгей әке, қыз, әйел, Ақтөбе
Тақырып бойынша
"Естігенде есеңгіреп қалдым" Ақтөбелік әйел күйеуі жайлы сұмдықты жайып салды
"Әйелімді зорлады" Отбасылы еркек қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады
Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті
Қырғызстанда туған әкесі зорлап, жүкті қылған жасөспірім қыз босанды
Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де қиянат жасады
Қарбыз, Түркістан облысы

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

397
(Жаңартылды 18:25 03.07.2020)
Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

397
Тақырып бойынша
Түркістан облысында баланың қол-аузын байлап қинаған кім?
Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді – оқиғаның мән-жайы
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Алматы метросы

Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады

735
(Жаңартылды 16:09 03.07.2020)
Алматы әкімі коронавируспен күреске қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы жұмылдырылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Алматыда соңғы айда өткір респираторлық вирус инфекциясы мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев эпидемия басталғанын айтып отыр.

"Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен", - деп жазды Сағынтаев Instagram парақшасында. 

Ол коронавируспен күреске қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы жұмылдырылғанын айтты. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүк түсіп жатқанын жеткізді. 

"Бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медицина университетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар институты базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық", - деді әкім.

Оның айтуынша, бұл амбулаторлық деңгейде, әсіресе, қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік берген.

735
Кілт сөздер:
эпидемия, Алматы, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді
Вице-министр коронавирус жұқтырған қазақстандық шенеуніктер қалай емделетінін айтты
Смановтың жаназасына жүздеген адам жиналды – бас мүфти пікір білдірді
Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

0
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0