Қолында бала ұстап тұрған ер адам

7 әйелден 6 баласы бар: Алматыда жөргекпұл алып, ізін суытатын жігітке іздеу жарияланды

1650
Алматылық Рамиль Байрамов әйелдерді махаббат шырмауына түсіріп, балалы болған. Жөргекпұл алған соң, ізім-қайым жоғалған

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. 31 жастағы жігіттің торына түскен 7 әйелдің алтауы балалы болған. Бірақ ол ешқайсысымен заңды некеге тұрмаған. Алданған әйелдердің бірі - Анель Оразбаева жігітке 4 млн теңге ұстатқанын "Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Альфонстан балалы болған келіншек қазір оның үстінен бір топ әйел полицияға арыз жазғанын айтады.

Тағы оқыңыз: Бай жігітті баламен ұстап қалғысы келген қыз жазасын алды

"Ол ажырасқан, қызы бар адаммын деп танысты. Астында Гелендваген көлігі болды. Типографияда істеймін деп айтатын. Басында көлігім бұзылып қалды, жолда қалдым, киви әмияныма ақша салып жіберші деп жүрді. Несиемді жабуға ақша жетпей тұр деді. Несие де алып бердім. Бір күні коллекторлар ақша тап деп қысқан кезде ауруханаға түскенін айтты. Обыр дертіне шалдығуым мүмкін деді. Сол кезде емделсін деп, оған қомақты ақша бердім. Басы-аяғы 4 млн теңгемді сыпырып кетті. Оның ішінде баланың жөргекпұлы да бар", - дейді ол.

Анель Алматыда бір зауытта кадр бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. Келіншек баласына әке табылса, басқа әйелдер секілді отбасы болып, бақытты өмір сүруді армандаған. Осындай уақытта оған Рамиль жолығыпты.

Тағы оқыңыз: Сал бала туғаны үшін әйелін тастап кеткен актердің сөзі жұрттың ашуын келтірді

"Бірден "Маған бала керек",- деп айтты. Осыдан-ақ қарым-қатынасымызға ерекше мән беретінін түсіндім. Қатты сендім. Ал анасын көрген емеспін. Бірақ телефон арқылы сөйлесіп жүретінбіз. Аяғым ауыр кезде маған ақыл-кеңес те берді. Кейін оның анасы емес, жәй бір сыбайласы екенін білдім", - дейді Анель.

Қалай дегенмен де бұл арада бір гәптің бар екенін келіншек кеш болса да, ақырында түсінген. Сөйтіп, ешкімге білдірмей тексеріс жүргізіпті. Бұрынғы әйелін тапқан. Ол да алданып қалғанын айтады. Сол кезде Анель Рамильден өз ақшасын талап ете бастайды.

"Мен ақшаны сұрамасам, ол солай жүре беретін еді. Қайтаруын талап еттім. Басқа әйелдермен байланысы барын білгенімді айттым. Сол кезде ол жоқ болып кетті", - дейді альфонстан зардап шеккен әйел.

Бағдарламаға әзербайжан жігітінен бала тапқан тағы бір әйел келді. Бірақ ол несие алып беруді өтінгенде, бірден банкке тұра жүгірмеген.

Тағы оқыңыз:  Төрт күйеуінен де талақ естіген шымкенттік әйелдің жанайқайы

"Ол маған Ауди көлігімен келді. Бірден проблемасын айта бастады. Әкесі қайтыс болғанын, шешесі Талдықорғанға жұмыс іздеп барамын деп жолда көлік апатына ұшырағанын айтты. Енді шешемнің отасына ақша керек деді. Бизнес ашпақ едім, соған да ақша керек деді. Ақыры, ол менен өзім төлеймін деп несие алып беруімді сұрады", - дейді алматылық Юля Николенко.

Юля ол кезде сұлулық салонында жұмыс істеп жүріпті. Несие алуға жағдайы болған. Алайда келіншек соңғы сәтте ойланып қалыпты.

"Оған несие алып бере алмайтынымды айттым. Онда көшеде байқап жүр, біреулер бас салса, мені кінәлама деп қорқытты", - дейді ол.

Бұдан соң, Юля онымен араласпай кеткен. Алайда келіншектің әкесі дүниеден өтеді. Осы кезде оның жанынан Рамиль тағы да табыла кетеді. Анам жазылып шықты, енді үйленіп бірге тұрайық деген.

"Ақпан айында қайта қосылдық. Ол менің үйімде тұра бастады. Бірақ бітпейтін бір проблемалары шыға беретін. Тұрақта әкемнің ескі көлігі бар еді. Ақшасын бөліп төлеймін деп алып, оны да жоқ қылды. Қорада жататын темір-терсек те көп еді. Соның бәрін әкетті. 100 мың теңгедей шыққан шығар. Жалпы, ол менен 500 мың теңге алды, оның үстіне әкемнің көлігін де алып қойды", - дейді ол.

Альфонстан зардап шегушілер ақшасын қайтара алмайтындарын біледі. Олардың басты мақсаты - Рамильді темір тордың арғы жағына тоғытып, сазайын беру.

Қазір полиция Рамиль Байрамовқа іздеу жарияланған.

"Бұл оқиғаға қатысты Алматы облысының Еңбекші қазақ және Іле аудандарының полициясына үш арыз келіп түсті. Оларды бір өндіріс материалы ретінде біріктіру жайы қарастырылуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, осы іске қатысты Шымкент қаласы полициясына да арыз түскені анықталды. Қазір күдіктіге қатысты жедел іздеу шаралары ұйымдастырылуда", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкері Серік Упиев.

Бағдарламаға қатысқан заңгер Рамиль ұсталатын болса, оның 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

1650
Кілт сөздер:
жөргекпұл, іздеу, жігіт, Алматы
Тақырып бойынша
Өзбекстанда қыздардың тұрмысқа шығу жасы ұлғаяды
Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті
Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті
Архивтегі фото

Алматыда Наурызбай аудандық сотының судьясы төрт жылға сотталып кетті

93
Судья тұрғын үй салынған жер учаскесін алып қою туралы азаматтық іске қатысты оң шешім шығару үшін пара алған деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Алматыда Медеу ауданының соты Наурызбай аудандық сотының бұрынғы судьясы Бекет Батырхановты төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының мәліметінше, 2019 жылы судья 100 000 теңге және 1900 доллар параны қайтарған кезде қылмыс үстінде ұсталған. Ол бұл ақшаны бұған дейін сот шешімін қала тұрғынының пайдасына шығарып беру үшін алған.

Оқи отырыңыз: Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео 

Әкімдік әйелдің үйі мен жер телімін мемлекет мұқтаждығы – метрополитен құрылысын жүргізу үшін алып қойған. Ол өтемақы мөлшерімен келіспей, судьядан әкімдікті 97 миллион теңге төлеуге міндеттеуді сұраған.

Сот айыпталушыны төрт жылға түрмеге жіберді, ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

93
Кілт сөздер:
Алматы, пара, судья
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды
Еліміздің әр аймағында парамен ұсталғандардың видеосы жарияланды
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

137
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

137
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді