Жүк көлігі

Көзін байлап, далаға тастаған: жүк көлігін тоқтатқан жігіттер ұры болып шықты

986
(Жаңартылды 14:16 02.05.2019)
Күдіктілер 25 тонна бидайды ұрламақшы болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Петропавл - Жезқазған тас жолында КамАЗ жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

19 сәуірде Арқалық қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 30 жастағы КамАЗ жүргізушісінен арыз түскен. Оның айтуынша, Жарқайың ауданы арқылы өтетін Петропавл - Жезқазған тас жолында бейтаныс азаматтар тоқтатып, тонап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Нағашысы 9 жастағы жиенін көліктің артына байлап сүйреген - фото

Полицияның мәліметіне сәйкес, күдіктілер жүргізушінің көзін байлап тастаған. Зардап шегуші бірнеше сағат бойы күдіктілермен бір көлікте отырады, тонаушылар машинаны белгісіз бағытта айдаған көрінеді.

Жүк көлігі
© Photo : Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жүк көлігі

Тергеу барысында анылтақғандай, күдіктілер жүк көлігіне тиелген 25 тонна бидайды ұрламақшы болыпты. Көліктің дөңгелегі жарылып, жолда қалып қояды. Ақыры жүргізушіні жіберуге мәжбүр болған.

Содан кейін 30 жастағы көлік иесі Арқалық қаласына барып, полицияға арызданған екен. Ақшасы мен ұялы телефонын тонаушылар ұрлап кетіпті.

Тағы оқыңыз: Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, далаға тастап кетті

Шұғыл іздестіру барысында Қостанай қаласының 25 және 27 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

986
Кілт сөздер:
жүк көлігі, жүргізуші, Ақмола облысы
Мерседес аударылып кетті

Алматыда жолда келе жатқан көлік аударылып кетті видео

193
Mercedes Benz GLE алдындағы көлікті басып озу кезінде жол апатын жасады, оқиға салдарынан бес адам жарақат алды

АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Сенбіге қараған түні Алматының Достық даңғылында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Hyundai Solaris пен Mercedes Benz GLE Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Hyundai Solaris жүргізушісі айтқандай, Mercedes өткізіп жібер деп шам жарығымен белгі берген.  Hyundai сәл оңға қарай ығыса бергенде, Mercedes бірден басып озып, Hyundai-ды бар жылдамдықпен қағып өтіп, аударылып қалған.

 Хюндай после аварии
© Sputnik / Стрингер.
Hyundai Solaris көлігі апатқа ұшырады

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алды – Mercedes жүргізушісі мен үш жолаушысы және Hyundai жолаушысы. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін барлығы ауруханаға жатудан бас тартты.  

193
Кілт сөздер:
видео, Алматы, жол апаты
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео
Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды 
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді
Иллюстративті фото

Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды

26
Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Қазір бөлек палатада оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысындағы Кентау қаласында коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны 27 мамыр күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Коронавируске шалдыққан әйелдің толғағы қысып, денсаулығына қауіп төнуіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады.

 Дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 килограмм, бойы – 51 сантиметр. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған.

"Сәби індеттен дін аман. Қазір бөлек палатада оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты. Жас ана инфекциялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Бұл оның екінші перзенті", - делінген хабарламада.

Қауіпті дертке ұшырап, сан ойға кеткен әйел ақ халатты жандарға алғысын жаудырды. Отаға жетекшілік еткен реанимотолог-дәрігер Ержан Жұмашев тәулік бойы осы инфекциялық госпитальда болады. Отбасымен алда тағы екі аптада көріспейді.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды 

"Коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға ота жасағанда қорғаныш киімдері аздап ыңғайсыздық тудырады. Біз үшін бұл әйелдің сауығып, перзентін қолына алғаны үлкен қуаныш болады", - дейді ол.

Кентау қалалық ауруханасының дәрігерлері осымен коронавируске шалдыққан екінші науқасты босандырып алды.

Түркістан облысында қауіпті індетті 364 адам жұқтырған. 199 науқас дертінен айығып, үйіне оралды.

26
Кілт сөздер:
Кентау, нәресте, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: тест бағасы қанша?   
"Бұл төтенше жағдай": Министр Біртанов неге алаңдап отырғанын айтты
Алматыда тағы 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды
Алматыда коронавирус жұқтырған әйел босанды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

0
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

0
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы