жаз

+32 градус - синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

2585
(Жаңартылды 12:08 03.05.2019)
4-6 мамырға ауа райы болжамы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қазақстанға жылжыған антициклонның ықпалынан республиканың көптеген облысында жауын-шашын тоқтап, күн жылынады. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы жоғарылайды. 6 мамырда күндіз ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды", - деп хабарлайды синоптиктер. 

Ал оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Сәуір айына ауа райы болжамы шықты

Ал батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, найғазай ойнап, қатты жел болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы 

4 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы түнде +1, күндіз +15 градус болады. Алматыда түнде ауа температурасы +8 градус, күндіз ала бұлтты, сіркіреп жауын жауады, 13 градус жылы. Шымкентте түнде +8 градус, күндіз +20 градус болады.

5 мамырда еліміздің астанасында ауа температурасы түнде +6, күндіз +20 градус болады. Алматыда түнде 7 градус жылы, ал күндіз сынап бағанасы 14 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде 10 градус жылы, күндіз 21 градус нөлден жоғары.

6 мамырда елордада ауа температурасы түнде +10 градус болса, күндіз 22 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік астанада түнде 8 градус жылы, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде +12 градус, күндіз +24 градус болады.

2585
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы
Тақырып бойынша
Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті
Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео
Нұр-Сұлтанда жазға бір ай қалғанда қар жауып, боран соқты - видео
Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ төпелеп жауды – видео
Загрузка...