Пышақ

Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

903
Тергеу мәліметі бойынша, Еңбекшіқазақ тұрғыны мас күйінде ауылдастарымен жанжалдасып қалған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 мамыр — Sputnik. Алматы облысында мас күйінде үш ауылдасын пышақтап тастаған 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына үш ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түседі. Малыбай ауылының тұрғындары жергілікті ауруханаға жеткізіліпті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оларды өз ауылдасы пышақтап тастаған екен.

Тағы оқыңыз: Түркістанда өгей шеше үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған

Жедел іздеу шаралары барысында күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол мас күйінде жәбірленушілермен жанжалдасып қалған көрінеді.

"Бұл оқиға бойынша қылмыстық тергеу басталды, нәтижесінде ауыр қылмыстың мән-жайы белгілі болады", - деп мәлімет берді Алматы облысының полиция департаменті.

Күдікті қолданған ас үй пышағы заттай дерек ретінде тәркіленіп, істің материалдарына қосылған. Тергеу біткенше, ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау абақтысында отырады.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда түрмеде отырған адамның ішінен пышақ табылды - видео

903
Кілт сөздер:
пышақтау, Алматы облысы
Карантиндегі қала

Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?

716
(Жаңартылды 19:53 10.07.2020)
Демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады. Әкімдік осындай шараға баруға мәжбүр болғанын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысында демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тиісті қаулыға Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Асхат Шарәпиев қол қойды.

Қаулыға сәйкес, 11 және 12 шілдеде облыста қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық нысанның қызметі тоқтатылады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында облыстағы барлық базардың жабылатынын хабарлады.

"Облыста екі күнге қатаң карантин режимі енгізіледі. Үйдің жанындағы азық-түлік сататын  дүкендер жұмыс істейді. Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысы да тоқтайды", - деді Жүкел.

Айтуынша, демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады.

"Біз осындай шараға баруға мәжбүрміз. Әлі де ешқандай себепсіз көшеге шығып қыдырып жүрген адам көп", - деді Жүкел. 

Айта кетейік, 10 шілдеде Алматы облысының бас санитар дәрігер Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Кейінірек облыс әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің мезгілсіз қазасы жайлы хабарлады.

 

716
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Қазақстандықтар көшеде де бетпердемен жүру керек екені айтылды
Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Алматы тұрғындары

Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады

47
(Жаңартылды 17:03 10.07.2020)
Әкім орынбасары түсіндіру жұмысын күшейтіп, халықпен байланыс орнатуға назар аудару керек екенін айтты

АЛМАТЫ, 10 шілде — Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада халық көп шоғырланған аудандарда карантин режимін күшейтуді тапсырды.

Отырыста Алматыда қала тұрғындарының күшейтілген карантин режимін сақтауының аралық талдауы қаралған болатын.

"Қаланың бірқатар шағын ауданында халық әлі де көп шоғырланады. Аудан әкімдеріне жергілікті полициямен, эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп, қала тұрғындарының енгізілген шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды", - деді Бабақұмаров.

Түсіндіру жұмысын күшейтіп, халықпен байланыс орнатуға назар аудару керек екені айтылды. Адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар күшейтілетін болды.

 

47
Кілт сөздер:
карантин, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Президент қандай шешім жедел қабылдануы тиіс екенін ескертті
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

0
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

0