Алматыдағы түтін

Алматы аспанын сұр бұлт қаптады: тұрғындар күйік иісіне шағымданып жатыр

220
(Жаңартылды 11:20 16.05.2019)
Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенгенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 16 мамыр — Sputnik. Алматы таңертеңнен бастап сұрғылт түске енді. Әлеуметтік желілерде азаматтар күйіктің иісі шығып жатқанын айтып шағымдануда.

Иіс пен түтінге қоқыс полигонындағы өрт себеп болды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

"Түнгі сағат екіде өртке қарсы қызметтің пультіне Алматы облысындағы Қарасай ауданының Айтей ауылынан жеті шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар өртенгені туралы ақпарат түсті", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

Түтіннің иісі қаланың барлық ауданында сезілді.

220
Кілт сөздер:
қоқыс, өрт, Алматы
Тақырып бойынша
"Нұрсая" шатырынан шыққан түтін: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Алматыда әуежай маңынан шыққан түтін тұрғындардың үрейін ұшырды
Бозымбаев: Астананың көк түтіні мені де мазалайды
Астананың көк түтіні: әкімдік қаланың экологиялық жағдайы жақсы екенін айтты
Загрузка...