Озеро Боровое

Алматылық оқушы Бурабайда орманда адасып кетті

384
Полиция мен ТЖД он жасар Абылайды бірнеше сағат бойы іздеді   

АЛМАТЫ, 17 мамыр — Sputnik. Бурабайға радиокөпсайыстан жарысқа келген он жасар алматылық орманда серуендеп жүріп адасып, бірнеше сағат бойы қайтар жолды таба алмаған.

10 жасар Абылайдың жоғалғаны туралы 16 мамыр күні сағат 15:00 шамасында белгілі болды, бала жоспарланған жарысқа келмеген.

Ұйымдастырушылар баланы пансионаттың аумағынан екі сағат бойы өздері іздеген, дегенмен одан түк шықпайды. Содан болған жайтты полицияға хабарлауға шешім қабылданады.

"Полиция күштері, төтенше жағдайлар бөлімшелері, "Бурабай" табиғи паркінің қызметкерлері дабыл бойынша көтерілді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Жүсіпов Абылайды іздеуге өзге де құқық қорғау органдарын, еріктілерді шақырды", - деп жазылған Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іздеуге жүзден астам адам қатысты. Жоғалған жасөспірімді полицияның жаяу жасағы мен құтқарушылар сағат сегізге қарай тапты. Абылайдың орманға серуендеуге шығып,  тым ұзаққа кеткенін түсінген кезде пансионатқа қайтар жолды таба алмай қалғаны белгілі болды.  

Қазіргі таңда оқушы қонақүйде, ал оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

 

384
Кілт сөздер:
Бурабай, орман, полиция
Тақырып бойынша
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры
Астанада үш тәуліктен бері 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Алматыда 22 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Алматы тауларында алты британиялық адасып кетті
Загрузка...