Өңірлер

Фотодерек: Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды

© Sputnik / Владислав ВодневБауыржан Байбек
Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбіде қала басшысы отбасымен бірге қоғамдық көлікті пайдаланды – автобус және метро

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек демалыс күндері отбасымен бірге Панфилов бульварында қыдырып, қоғамдық көлікпен жүрді. Ұлымен бірге түскен суретін Instagram желісінде жариялапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Жексенбі күні кешкісін балалармен бірге Панфиловқа баруды жөн көрдік. BRT желсіндегі 205-ші автобусты күтіп тұрып, бұл бағдардың аялдамадағы қағаз кестеде жоқ екенін байқадым. Бірақ автобус электронды таблоға сәйкес дәл уақытында келді", - дейді Байбек.

Тағы оқыңыз: Әкімдер әлеуметтік желіде не бітірд?

Әкім атап өткендей, екі жыл ішінде Алматының автобус паркі 80%-ға жаңарды, бірақ істейтін шаруа әрқашан табылады. 38-ші бағдардағы ескі автобустар туралы шағым көп түседі.

"Жақында тағы 500 автобус келеді. Сол кезде осы бағдарды бірінші айырбастаймыз", - деп уәде берді қала басшысы.

Байбектің айтуынша, автобуспен Панфилов және Төле би көшелерінің қиылысына дейін жеткен, ал қайтарда метроға мініпті.

"Қалалықтардың көңіл-күйі жақсы, Алматыға сай. Бәрі бал-бұл жанып жүр, дәмхана мен мейрамханалар лық толы. Гоголь көшесіндегі кітап дүкеніне кірдік. Жастар көп – қуантарлық жайт. Үйге метромен қайттық. Ескі станцияларда мүгедек жандарға жағдай барлық жерде жасалмаған, дәретханалар жоқ. Жаңа жобаларда осының бәрі ескеріледі", - деп атап өтті Байбек.

Тағы оқыңыз: Бауыржан Байбек туралы қызықты деректер: отбасы, білімі, еңбек өтілі, марапттары

Әкім еске салғандай, жақында Алматыға жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев метрополитеннің екі станциясының құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге қосымша бөлуді тапсырған болатын.

"Сегіз жаңа қозғалмалы құрам – 32 вагон сатып салдық. Қазір Алматы метрополитенінде жеті құрам ғана бар – 28 вагон. Сөйтіп, саны екі еседен артық көбейеді", - деп ойын түйіндеді Байбек.

Атап өтсек, Байбектің бес баласы бар: екі қызы – Інжу мен Жарқынай және үш ұлы – Нұрмұхаммед, Нұрдәулет және Нұржігіт.

Жаңалықтар
0