Тағайындау

Тасмағамбетовтің інісі жаңа қызметке тағайындалды

2929
Құрманғали Тасмағамбетов 2014 жылдың қарашасынан бері Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары болып тағайындалды. Ақпарат ведомствоның Facebook желісінде жарияланған.

Тасмағамбетовтің інісі туралы не білеміз

Құрманғали Тасмағамбетов 1959 жылдың 12 маусымында Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келді. 1984 жылы педагогикалық институтты бітіріп, физика пәнінің мұғалімі атанды, ал 2001 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, экономист болды.

Тасмағамбетов еңбек жолын 1984 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады, кейінірек сырттай білім беретін кешкі мектептің директоры қызметін атқарды (1988-1991 жылдары). Әр жылдары энергия ресурстарын бақылау бөлімінің басшысы, Атырау, Ақтөбе облыстары бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Тағы оқыңыз: Иманғали Тасмағамбетов неліктен президент бола алмайды?

2014 жылдың қараша айында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. 22 мамырдан бастап дәл осы лауазымда Атырау облысында жұмыс істейді.

Құрманғали Тасмағамбетов – Қазақстанның  Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің інісі.

2929
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, тағайындау
Тақырып бойынша
Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өткізді
Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан президентінің күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
Аян Дүйсенбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін
Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады
Көкшетау қаласы

Көкшетауда жасы тоқсанға таяған кейуана қызы мен жиенін ертіп, көшеде түнеп жүр

914
(Жаңартылды 11:55 04.07.2020)
Мәруә әжей зейнетақы мен жиенім алатын жәрдемақыға да қанағат етеміз. Тек, басымызға бір баспана бұйырса дейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Көкшетауда бір отбасының мүшелері далада түнеп жүр. Паналайтын лашық таппай қалғандардың ең үлкені 85 жастағы кейуана, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тыл ардагері 50-дегі қызы мен 29 жастағы жиенін жетектеп бір айдан бері автобус аялдамаларын жағалап жүр. Кейуананы көрген тұрғындар аяушылық білдіргенімен, әзірге қол ұшын берген жан жоқ. Тіпті әкімдік те карантин кезінде кезбелерді жақын жолатуға қорқатын сияқты.
Бейбақтың күйін кешкен үшеуі карантин кезінде қаланы емін-еркін аралап, кез келген жерге түнейді. Қазір де жүгін үйіп тастап орталық көшеде отыр. Бірақ кезбелерге назар аударған жан жоқ. Олардың осылайша тентіреп жүргеніне бір айдан асқан. Үйсіз-күйсіз қалғандар, базар жағалап, асханалардан қалған тамақты жеп күнелтеді.

"Аялдамада жаттық. Тоңатын болдық. Қайда барсақ карантин дейді. Қала әкімдігіне барсаң, милиция шығады, карантин деп кіргізбейді. Шыны керек, өте қиын жағдай. Біздің баратын жеріміз жоқ. 30 жыл бұрын менің әкемнің үйі болған. Оны тумаған ағам бірінші әйелден тартып алды", - дейді Ботакөз Күдеринова.

Қаңғып қалған кезбелер бұған дейін Көкшетауда үш жыл біреудің лашығын жалдап тұрыпты. Сол жыртық үйдің өзін бәз біреулер тонап, есік терезесін талқандап кеткен. Осыдан кейін үй иесі кейуананы баспанасынан қуып шығарған.

Тыл ардагері Мәруә әжейге обал. Қызы Ботакөз буын ауруымен жұмысқа жарамсызбын десе, жиені Құрманғазы психдиспансерде есепте тұр.

Ал қаланың қақ ортасында түнеп жүрген үшеуін әлеуметтік қызметкерлер таба алмадық деп ант су ішіп отыр.

"Орталықтың қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге шығып, сол жанұяны іздестіріп көмек көрсеткісі келген. Бірақ сол жолы табылмады. Біз осы 3 адам туралы ақпарат жұмысын өткізіп білдік. Оларда зейнетақы төлемдер бәрі алынып жатыр", - дейді "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы Қали Ахметов.

Әлеуметтік бөлім басшысы олар Зеренді ауылында тұрғылықты есепте тұрғандығын анықтаған. Біз де мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке хабарласқанымызда, бұл үйлерде соңғы жылдары мүлдем бөтен адамдардың тұрып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: "Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

Жасы 90-ға аяқ басқанда көше кезіп қалған кейуана, тыл ардагері Мәруә әжей әйтеуір бір қайыры бар жан кездесер деген үмітте.

"Зейнетақы мен ақыл- есі кем жиенім алатын жәрдемақыға да қанағатпыз. Тек басымызға бір баспана бұйырса", - дейді.

Алайда, олар осы уақытқа дейін пәтер кезегіне де тұрып көрмепті. Сол себепті мемлекеттік органдағылар қауқарсызбыз деп отыр.

914
Кілт сөздер:
кейуана, Көкшетау
Тақырып бойынша
"Жуынды ішіп жүр". Кейуана немерелерінің өгей шешеден көрген қорлығы туралы айтты
Әйелінің соңынан кеткен: түркістандық кейуана 28 жыл көрмеген ұлымен жылап қауышты
ОҚО-да 85 жастағы кейуана өз баласын не үшін өлтіргені анықталды
"Әлі дәрі ішіп көрген жоқ" 104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Алматыда сасып кеткен мәйітпен бір апта қамалып жатқан кейуана құтқарылды
Қарбыз, Түркістан облысы

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

439
(Жаңартылды 18:25 03.07.2020)
Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

439
Тақырып бойынша
Түркістан облысында баланың қол-аузын байлап қинаған кім?
Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді – оқиғаның мән-жайы
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Жолаушылардың билетін тексеру

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тоқтайды

0
Қоғамдық көлік екі апта бойы жүрмейді, автобустар мен автопарктерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы екі аптаға тоқтайды. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 шілдеден қоғамдық көліктің қозғалысы шамамен екі аптаға тоқтайды. Автобустар мен автопарктерде дезинфекция жүргізіледі", - деп мәлімдеді CTS.

Қоғамдық көлік қозғалысының жандануы туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыз: 5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады

Айта кетсек, елордада 5 шілде сағат 00.00-ден 19 шілде 00.00-ге дейін екі апталық қатаң карантин жарияланады. Карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Өңірлер арасында қалааралық автобустар тоқтайды.

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, автобустар, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин