Өңірлер

Алматы облысында бұрынғы шенеунікке 100 миллион теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасары Жантұровпен бірге 4 лауазымды тұлға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасарына 100 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары және оның бағыныштыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді 

Алматы облысы Талдықорған қалалық соты аталған лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шығарды.

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Б.Жантұров парақорлық фактілері бойынша кінәлі деп танылды, оған параның 35 еселеген сомасы көлемінде 101,3 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Жантұровқа тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың өкілдерінен жалпы қамқорлық жасағаны үшін алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген айып тағылған", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық схемаға қосылған оның бағыныштылары да әртүрлі жазаға тартылды. Барлығы Жантұровпен бірге 4 лауазымды тұлға сотталды.

Жаңалықтар
0