Архивтегі фото

"Жанып кетесің" Теміртау тұрғыны 11 жастағы баланы өрттен құтқарды

80
Теміртау қаласының шетіндегі иесіз қалған ғимарат отқа оранған. Осы сәтте онда балалар ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Теміртауда 27 жастағы Ұлықбек Исмаилов иесіз ғимаратта ойнап жүрген баланы өрттен құтқарды, деп хабарлады etemirtau.kz порталы.

Қала тұрғыны өрт шыққан жерге ағасымен бірге сатылымға шығарылған жерді қарауға барған. 9А шағын ауданындағы жартылай қираған ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, назары терезеден шыққан қою қара түтінге ауады. Осы сәтте ғимараттан балалардың көмекке шақырған жан дауысын естиді.

Ұлттық ұлан сарбаздары жанып жатқан көліктен бүлдіршінді құтқарып қалды

"Тоқтап, ғимаратты қарадық. Онда балалар бар екен. Бізді көрген кезде 1-2 бала терезеден секірді. Бірінші баланың жасы шамамен 13-те еді. Екінші бала 11 жаста болуы мүмкін. Оның бойы кішкентай болатын. Қиналып демалды. Біз оған барып, "Давай, секір" дедік. Ол қорқып тұрды. Ғимаратты қою қара түтін басты. Осы сәтте оған "Қазір жанып кетесің! Егер секірмесең, жанып кетесің" деп түсіндірдім. Сонда ғана ол маған қарай секірді. Оны ұстап үлгердім", - дейді Ұлықбек Исмаилов

Қорқып қалған балалар жанып жатқан ғимараттың ішінде басқа адамдардың бар-жоғын айта алмаған. Ержүрек тұрғын өртке қарамастан жақын маңдағы ғимараттардың ішін тексеріп шыққан. Ғимараттың қақпасын ашқан кезде жел соғып, өрт күшейе түсіпті. Оны сөндіру үшін құтқарушыларды шақырыпты.

"Олар өртті сөндірді. Осыдан кейін иесіз қалған ғимаратта пропан болғаны анықталды. Бір емес, екеу болған. Неге екені белгісіз, олар жарылмаған", - дейді 27 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны.

Ұлықбек Исмаилов өзінің ерлік жасағанын 1 сағанттан соң ғана білген. Алайда жас кәсіпкер өз әрекетін ерлік деп санамайды. Ол мұндай қадамға әрбір адам барар еді дейді.

"Болған жағдайды біреу видеоға түсіріп, интернетке салыпты. Бір сағаттан соң, жақындарым хабарласып ізгі тілектерін білдірді. Әкімдіктен хабарласты. Мұндай жағдайды көргеннен кейін адамға қалай көмектеспейсің? Бұл – әрбір адамның парызы. Менің орнымда басқа біреу де осындай қадамға барар еді", - дейді Ұлықбек Исмаилов.

Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр. Балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

80
Кілт сөздер:
өрт, Теміртау
Тақырып бойынша
Павлодарда өрт кезінде сегіз жасар қыз қаза тапты
Отқа оранған үйдің 3-қабатынан әйел сәбиін лақтырды: сол кезде таңғажайып оқиға болған
Семейде 2-сынып оқушысы сәбиді ажал аузынан құтқарып қалды
Ұлттық ұлан сержанты өз өмірін қауіпке тігіп, тұрғын үйді жарылыстан құтқарды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

172
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

172
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Түркістан қаласының қақпасы

Түркістан облысында карантин режимі ұзартылды

218
(Жаңартылды 18:26 27.05.2020)
Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынып, ал заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев онлайн брифингте айтты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады.

"Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар да аулада бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыс жасауда. Бұл дұрыс емес", – деген облыс әкімі дәрігерлер қауымының күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі кезде індет облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап жатыр.

"Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек", – деді Шөкеев онлайн брифинг барысында.

Айта кетейік, облыста 337 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Оның ішінде 189 адам ауруынан айығып, үйлеріне оралды. Бір адам індет салдарынан көз жұмды.

Түркістан облысындағы карантин режимі

12 мамыр күні Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылғанын облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Осыған орай, қоғамдық және демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастағанымен, спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында істейді.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 проценті жұмысты қашықтықтан жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек

Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, "Қазпошта" бөлімшелері қазіргі таңда жұмысын бастады. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын жүргізуге рұқсат етіледі.

218
Кілт сөздер:
Өмірзақ Шөкеев, төтенше жағдай, карантин, Түркістан облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты
Тоқаев елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін айтты
Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды
Тоқаев: Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі  
Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлік жүргізуді қалай тоқтатуға болады

11
(Жаңартылды 10:30 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.

Жеке кәсіпкерлікті кімдер онлайн тоқтата алады

Жеңілдетілген режимді қандай кәсіпкерлер қолдана алады: 

  • қосымша құн салығын төлемейтіндер; 
  • бірлескен кәсіпкерлік формасы бойынша жұмыс істемейтіндер;
  • өнім өндірмейтіндер, сатпайтындар: бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімі, сондай-ақ, ойын бизнесіне қатысы жоқ болса; 
  • салық және әлеуметтік төлем бойынша қарызы жоқтар.
11
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, салық, жеке кәсіпкерлер
Тақырып бойынша
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
 Дариға Назарбаева министрге кәсіпкерлердің шағымын жеткізді