Өңірлер

Дауыл мен нөсер жаңбыр: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6-8 маусым аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik.  Алдағы 3 күнде Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан келген дымқыл және салқын ауа сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.

Көптеген облыстарда найзағай, өткінші жаңбыр және жел болады. Солтүстікте жоғарғы циклон әсерінен кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендейді. Ал батыс өңірлерде жоғарғы атмосфералық қысым таралады. Сондықтан жауын-шашын болмайды. Температура климаттық нормаға сай. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 6 маусым күні жаңбыр, найзағай мен дауыл болуы мүмкін. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +7+9°С, күндіз +14+16°С.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады

Жұма, 7 маусым күні жаңбыр мен қатты дауыл. Күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с-ке дейін ұйытқуы мүмкін. Түнде +8+10°С, күндіз 16+18°С.

Сенбі, 8 маусым күні көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Синоптиктер күндіз бұршақ жауады деген болжам жасап отыр. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, 18 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Алматыда 6 маусым күні көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жаууы мүмкін, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 2-7, кей жерлерде 12 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 16+18°С, күндіз +25+27 градус. 

Жұма, 7 маусым күні көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай болады деген болжам жасалынып отыр. Желдің екпіні 3-8, кей жерлерде 12 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде +15+17 градус, күндіз +25+27°С.

Тағы оқыңыз: Бүтін бір ауыл су астында қалды – видео

8 маусым күні де жаңбыр мен найзағай болады. Түнде +16+18 градус жылы, күндіз +25+27°С.

Шымкентте 6 маусым күні көшпелі бұлт болады, кешке жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13, кей кезде 15-20 м/с.  Түнде ауа температурасы +18+20°С, күндіз +29+31°С.

Жұма күні жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +13+15°С, күндіз +30+32 градус ыстық.

Ал 8  маусымда түнде +15+17°С, күндіз +28+30 градус болады.

Жаңалықтар
0