Қарға

Тұрғындардың зәресі қашты - Атырауда қарғалар адамға шабуыл жасап жатыр

2497
(Жаңартылды 16:29 10.06.2019)
Мамандар қарғалар ұя салар кезде өзінің аумағын қорғау үшін тосын мінез танытуы мүмкін екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Атырау қаласында қарғалардың адамдарға шабуыл жасауы жиіледі, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.

Қала тұрғыны Тимур Сапаров құстардың адамдарға шабуыл жасағанына куә болыпты.

"Қарғалар жағалауда, алаңдарда шабуыл жасауда. Ересектерді айтпай-ақ қояйық, кішкентай балаларды шоқып алса ше? Мен осы құстар үшін көшенің арғы бетіне өтемін немесе оларға тас лақтырамын", − дейді ол.

Ал өлкетанушы Вячеслав Афанасьев қарғалар ұя салатын кезде өзінің аумағын қорғау үшін тосын мінез танытуы мүмкін екенін айтады.

"Оларда өзін-өзі қорғау түйсігі жұмыс істейді. Қарғаларға тас, ағаш лақтырудың қажеті жоқ", - дейді өлкетанушы.

Тағы оқыңыз: Ақтауды көбелек басып кетті – видео

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ауыл шаруашылығы және жаратылыстану факультетінің деканы Рауан Әбдіновтың айтуынша, құстар мұндай әрекетімен балапандарын қорғап жүр екен.

"Қарға маусымда агрессия танытады. Себебі, осы айда олардың балапандары есейеді. Оларға шабуыл жасаудың қажеті жоқ. Қарғаның ұясы бар жерден алыс жүру керек. Сөмкені қалқан ретінде пайдалануға болады", - дейді Абдинов.

2497
Кілт сөздер:
адам, шабуыл, қарға, Атырау
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 11 жасар оқушы сыныптасының көзіне қалам тығып алды
Павлодарда жүзден аса тұрғын әп-сәтте "қаңғыбасқа" айналды
Балапандарын қорғаған қаз жылқыға шабуыл жасады – видео
Қасына келіп атты: Атырауда тапа-тал түсте адам өлтіріп кетті - видео
Атырауда бес қабатты үйдің ауласында үш адам ұсталды – видео  
Загрузка...