Адамның қолы

"Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт табылды

1488
Жас жігіт әбден қажып, жартылай есін жоғалтқан

ПАВЛОДАР, 19 маусым – Sputnik. Павлодарда жоғалған 24 жастағы жігіт бір аптадан соң тірі табылды, деп хабарлады "Вита" еріктілер тобының мүшесі Екатерина Кудрявцева Sputnik Қазақстанға.

Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы Владимир Чускаев 11 маусымда үйіне оралмаған соң, ата-анасы еріктілерден көмек сұраған. Жігітті соңғы рет трамвай депосының қасынан көріпті. Волонтерлер бірден іздеуге кіріседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Волонтеры-посковики VITA (@poiskoviki_pavlodara_vita)

Кудрявцеваның айтуынша, 30 адам жиналып, таң атқаннан кеш батқанға дейін Ертіс өзенінің алқабын аралаған. Алайда жігіт ұшты-күйлі жоқ.

"Қала шетіндегі Павлодарское ауылына барып іздеу керек болатынбыз, бірақ кеше ғана, яғни 18 маусымда Владимирдің анасы хабарласып, ұлының табылғанын айтты. Жігіт үйіне өзі қайтып келіпті", - дейді Екатерина.

Владимир осы уақыт бойы қайда болғанын білмейді – жоғалған жігіт сырқаттанып қалған, оның үстіне жартылай есін жоғалтыпты. Владимирдің беті күнге қатты күйіп, өзі әбден қажыған, медициналық көмекке зәру болды, деді Кудрявцева.

Тағы оқыңыз: Үйден қашып кеткен: Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі бала табылды

"Бірақ, ең бастысы – ол тірі! Ата-анасы мен оны іздеуге қатысқан бәріміз үшін бұл – үлкен қуаныш", - дейді ерікті.

Әлеуметтік желі қолданушылары жоғалған адамдарды іздеуге көмектесетін волонтерлерге ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

1488
Кілт сөздер:
жігіт, жоғалып кету, Павлодар
Тақырып бойынша
Іс-түзсіз жоғалған теміртаулық жігіттің мәйіті табылды
Желіде танысқан жігіттен жүкті болды: Есікте жоғалған қыз табылды - видео
Бір жыл бұрын жоғалған сәбидің денесі Балқаш көлінен табылды
Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды 
Загрузка...