Бала, архивтегі фото

Балаларды ұрып, сағаттап отырғызып қоятындардың әрекеті әшкереленді видео   

497
(Жаңартылды 09:42 27.06.2019)
Ақтауда балабақшалардың бірінің бақылау камерасы түсірген видео жарияланды. Балаларға қол жұмсаған тәрбиешілер ата-аналардың ашуын туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым— Sputnik. Ақтаудағы №55 балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісі балаларға ойнауға тыйым салып, орындықта сағаттап отыруға мәжбүрлеген.

"Біз екі сағаттық видео көрдік, осы уақыттың бәрінде олар орындықта отырды, ал қызметкерлер ұялы телефонына үңілумен болды, тіпті үстел басында ұйықтап та алды. Балаларға бір-бірімен ойнауға да рұқсат бермеді. Егер бала орнынан тұрса, басынан, қолынан ұрып, құлағынан тартқан", – деп шағымданды ата-аналар "Лада" порталына.  

Осы сәттің барлығы видеоға жазылған.

Балабақшаның директоры қазір еңбек демалысында. Оқиға жарияланғаннан кейін қалалық білім беру бөлімінде арнайы комиссия құрылды.

"Қазір барлығын егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз. Әрбір видео тексеріледі. Ол топтың қызметкерлері жұмыстан босатылды. Тексереміз", - деп түсіндірді Ақтау білім бөлімі.

Бұдан бұрын Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде болған оқиға желіде қызу талқыланған еді. Тәрбиеші әліпбиді үйреніп жатқан қыздың басынан ұрған сәті видеоға түсіп қалған.

Ол кезде  мектепке дейінгі мекеменің басшылығы педагогты жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

497
Кілт сөздер:
видео, тәрбиеші, балабақша
Тақырып бойынша
Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео
Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтты
Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады
Баланы көрпемен тұншықтырған тәрбиеші ісі: ата-анасы жазаның тым жеңілдігіне наразы
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Саябақта серуендеп жүрген әйел

Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс

48
Бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері ашылады. Ал одан үлкен сауда орындары  "клиентке дейін жеткізу" форматында істей береді.

Бұдан бөлек, саябақтар және сол жерде орналасқан сауда орындары ашылады. Бірақ аттракциондар мен балалар алаңы, батуттар, велосипед және балалар ойыншықтарын жалға беру қызметі жұмыс істемейді.

Ал саябақ аумағына бір үйдің адамдары болмаса, үш адамнан артық топтасып кіруге болмайды. Адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс.

Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 21:00 арасында жүреді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілген болатын. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді.

48
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
аурухана, коронавирус

"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

350
(Жаңартылды 17:22 10.08.2020)
Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада. 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды. 

350
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0