Гүл ұстаған жігіт, архивтегі сурет

Ақтауда сүйіктісімен ренжісіп қалған жігіт жұрттың зәресін алды - видео

1205
(Жаңартылды 10:14 04.07.2019)
Жас жігіт өкпелетіп алған сүйіктісімен тілдесу үшін басын қатерге тіккен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Ақтауда 25 жастағы жігіт сүйіктісімен ренжіскеннен кейін көзсіз қадамға барып, дүйім жұрттың зәресін алды.

Өкпелетіп алған құрбысының сегізінші қабаттағы пәтеріне жоғарыдан түспек болған жігітті полицейлердің құтқаруына тура келді, деп жазады КТК.

Оқиға куәгерлері оны өз-өзіне қол жұмсағалы жатыр деп ойлап қалыпты. Жігітке жалынып, райынан қайтаруға тырысқан. Ал романтик жігіт сегізінші қабатқа тартылған кабельмен өрмелеп сүйіктісіне жетпек болыпты.

Тұрғындардың айғайын жолдан өтіп бара жатқан патрульдік полиция естіп, көмекке барады. Полицейлердің бірі жігітті сөзге тартқан кезде, екіншісі бірнеше тұрғынмен бірге жабылып, шалбарының белбеуіне жармасып ішке тартып алған.

Тағы оқыңыз: Әйелін тексермек болған жігіт оңбай алданып қалды - видео

Жігіт ақырына дейін сымға жармасып, қарсылық танытыпты. Кейінірек шошып, не істерін білмей қалғанын мойындады.

1205
Кілт сөздер:
видео, жігіт, Ақтау
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дүкен тонаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды
Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды – видео
Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді - фото
Қыз қыр соңынан қалмай қырындаған жігіттің сазайын берді – күлкілі видео
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

1675
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

1675
Кілт сөздер:
видео
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

1586
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

1586

Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді видео

0
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ел президенті Владимир Путиннің мәлімдемесін оқып берді. Өз мәлімдемесінде Ресей басшысы АҚШ-ты ақпараттық кеңістіктегі оқиғалардың алдын алуға үндейді

Оның айтуынша, бұл үшін екіжақты келісім әзірлеу керек. Құжатта екі тараптың бір-бірінің ішкі істеріне араласпауына кепілдік беретін тетіктер айқындалмақ.

0