Өңірлер

Фотодерек: Өмірзақ Шөкеев комбайн айдап жүр

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАким Туркестанской области Умирзак Шукеев принял участие в уборке зерна
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев принял участие в уборке зерна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысы әкімі астық ору науқанына қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Түркістан облысы басшысы Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елді мекеніндегі "Мақта компаниясы" ЖШС-не барды. Ол мұнда облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

"Өңір басшысы шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Егіс алқабына шығып, комбайн жүргізіп, бидай орды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қазір облыстағы бидай алқабының 44 проценті орылған, яғни 94 мың гектардан 183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы ауданы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алынады деп жоспарланған, сонда биыл 463 мың тонна бидай жиналуы тиіс.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиӨмірзақ Шөкеев астық жинауға қатысты
Фотодерек: Өмірзақ Шөкеев комбайн айдап жүр - Sputnik Қазақстан
Өмірзақ Шөкеев астық жинауға қатысты

Қазірде 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен басқа облыстарға жеткізілген, сондай-ақ экспортқа шығарылыпты. Жыл соңына дейін 2,7 миллион тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланған көрінеді.

Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жетістіктер туралы сөз қозғады.

Тағы оқыңыз: Өмірзақ Шөкеев туыстарын жұмысқа алады деген рас па?

"Түркістан облысында биыл 823 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 9,8 мың гектарға артық", - дейді ол.

Сондай-ақ арпа – 40 мың гектар, дәндік жүгері – 46 мың гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,8 мың гектар, мал азығы 205,8 мың гектарға егіліпті. Бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың, мақта – 129 мың гектарға егілген.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиӨңір басшысы егіс алқабын аралап, бірқатар тапсырма берді
Фотодерек: Өмірзақ Шөкеев комбайн айдап жүр - Sputnik Қазақстан
Өңір басшысы егіс алқабын аралап, бірқатар тапсырма берді

Нұрбек Бадырақов айтқандай, алдын ала есеп бойынша 218,6 мың гектарға егілген масақты дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 21,2 центнерден жиналып, жалпы көлемі 462 мың тонна өнім алынуы тиіс.

Облыс әкімі сала басшыларына жаздағы ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын жіті бақылауды, ауыл шаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0