Шекарашы, архивтегі фото

Ресейде жоғалған автокөліктер Сарыағаштан табылды

613
Шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған екі "Тойота Rav 4" автокөлігін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстан асырмай ұстады.

"Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек авто" бөлімшесінде шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған "Тойота Rav 4" автокөлігін тексеріп, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екенін анықталды", - деп жазылған ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Жүргізушісі 1976 жылғы Тәжікстан азаматы ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұл кешкі сағат 21.30-дар шамасында болған оқиға еді.

Тағы оқыңыз: Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі

Арада екі жарым сағат өткенде дәл осындай, Өзбекстанға қарай бет алған тағы бір "Тойота Rav 4" автокөлігі тексеру орнына кіреді. Бұл да Ресей аумағынан үшті-күйлі жоғалған автокөлік екен. Оның жүргізушісі, 40 жастағы ресейлік те ұсталып полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 

613
Тақырып бойынша
Қазақстандық шекарашылар Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Қымбат көлікті бананмен жасырып әкеле жатқан жүргізуші ұсталды
Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді
БҚО-да туған ағасына қатты ұқсайтын жігіт шекарашыларды алдап кетпек болды
Загрузка...