Өңірлер

Өскемен тұрғындары жаппай көшеге шығып, жолды жауып тастады

CC0 / / Лампочка, электричество, электроэнергия
Лампочка, электричество, электроэнергия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың билік өкілдері "Восход" бау-бақша қоғамын электр желісінен ажырату себебін анықтамақ

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Өскемендегі "Восход" бау-бақша қоғамы тұрғындары көшеге шығып, көлік қозғалысына кедергі туғызды. Елді мекенде қарыз салдарынан электр энергиясын өшіріп тастаған.

© Photo : YK.kz"Восход" бау-бақша қоғамының тұрғындары
Өскемен тұрғындары жаппай көшеге шығып, жолды жауып тастады - Sputnik Қазақстан
"Восход" бау-бақша қоғамының тұрғындары

YK-news порталы хабарлағандай, жарық сөніп қалған соң тұрғындар аптап ыстықта сусыз отыр. Наразы халық көшеге шығып, жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойыпты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы бас көтерді - видео

Оқиға орнына Өскемен әкімі Жақсылық Омар аттанады. Ол барғаннан кейін тұрғындарға бірден жарық берген.

Қала әкімі қарыздардың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды тапсырды.

Жаңалықтар
0