Жаңбыр, архивтегі сурет

Ауа райы күрт өзгереді синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

19836
20-22 шілде күндері күн салқындайды. Кей өңірде жауын-шашын, найзағай, жел мен бұршақ күтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Демалыс күндері көптеген өңірде күн салқындайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Солтүстік облыстарда атмосфералық фронттармен бірге Орал ауданынан салқын және ылғалды ауа түсе бастайды. Атмосфералық фронттар оңтүстік-шығыс бағытқа баяу жылжиды. Кей жерде жауын-шашын, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін", -  деп жазылған хабарламада.

Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында әлі де ыстық сақталады. Ауа температурасы 38...45 градус шамасында болады.

Айта кетейік, 17-19 шілдеде Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялаған болатын.

Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысыды. Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болды.

Соңғы үш күнде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болды. 

19836
Кілт сөздер:
болжам, синоптиктер, ауа райы
Тақырып бойынша
Бұршақ жауады – синоптиктер ертеңге болжам жасады
Найзағай жарқылы Нұр-Сұлтан тұрғындарының зәресін ұшырды – фото, видео
Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыста ескерту жарияланды
Загрузка...