бала, архивтегі сурет

Шымкенттегі 3 жасар қыздың жұмбақ өлімі: анасы өз болжамын айтты - видео

1575
(Жаңартылды 12:19 23.07.2019)
Қайғыдан қабырғасы қайысып отырған әйел тергеушілер мен сарапшылардың болжамына күмән келтіріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Шымкентте жұмбақ жағдайда көз жұмған 3 жасар қыздың өліміне қатысты сарапшылар "өз құсығына тұншығып өлді" деген қорытынды шығарды. Ал жалғыз қызынан айырылған ана мамандардың берген жауабына сенбей отыр.  

Баласынан айырылған ана кеше перзентін жер қойнына тапсырды. Сөзіне сенсек, ол қызы жоғалған күні бірден көмек сұрап полицияға хабарласқан. Олар ауданның түкпір-түкпірін шарлап шыққанымен, қыздың мәйітін туыстары тапқан, деп хабарлайды otyrar.kz.

Үйге көтеріп әкеліп, тез арада жедел жәрдем қызметін шақырған. Ақ халаттылар ата-анасы мен туыстарына кішкентай Кәусәрдің көз жұмғанын естіртіпті. Бүлдіршіннің денесін тәртіп сақшысы сол сәтте бірден үйден алып кеткен.

Қазіргі уақытта 3 жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Әсел Сәденова қыздың жұмбақ өлімі бойынша іс Шымкент қаласы прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында екеніне сендірді.

"Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша қыздың өлімі жоғарыдан құлау салдарынан "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалудан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады", - деді ол.  

Полиция өзге ақпарат тергеуге байланысты жариялауға жатпайды деп қысқа қайырды. Ал қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ана тергеушілер мен сарапшылардың болжамына күмән келтіріп отыр.

"Қызым өз құсығына тұншығып өлетіндей жаста емес. Бөпе емес қой ол. Және ол табылғанда аяғы талтайып жатқан. Сондықтан, мен қызыма қасақана әрекет жасалды деп ойлаймын", - дейді қыздың анасы Клара Өмербаева.

Халық арасында "МЖК" аталып кеткен бұл ауданда қылмыс жыл санап артып келеді дейді жергілікті тұрғындар. Олар жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері бұған дейін де орын алған деп отыр.

Әсіресе, күн ұясына батқанда қараңғы аулаларда маскүнемдер мен қанғыбастар қаптап кететіндігін айтып шағымданды халық. Қайғылы жағдайдан әлі күнге ес жия алмай отырған көпшілік балаларды сыртқа шығаруға қорқып қалған.

1575
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
"Кептерханаға кіргізген" Павлодарда зейнеткер 15 жастағы мүгедек қызды зорлап тастады
Студент қызды зорлап, өлтірген қаскөйлер сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
Алматыда қаршадай қызды әжетханада зорламақ болды: күдікті бұрын педофилия үшін сотталған
"Іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен": Шымкентте төрт жасар қыз өлі табылды
Полиция Шымкентте мәйіті табылған 3 жасар қыздың неден көз жұмғанын айтты
Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді
Загрузка...