Өңірлер

Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Владислав ВодневГорожане у фонтанов
Горожане у фонтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы жаңбырлы болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі 2019 жылдың тамыз айына ауа райы болжамын ұсынады.

"Тамыз айында орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болса, ал оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан бір градусқа жоғары болады", - деп болжайды синоптиктер.

Ал жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік–шығыс және шығыста кей жерде нормадан аз болмақ.

Болжамға сүйенсек, алғашқы онкүндікте белсенді циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерде жаңбыр қатты жауады, сондай-ақ жел соғып, республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

Аптап ыстық пен жаңбыр

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы жоғары болады: батыста, солтүстік-батыста 15...25 градус жылы, солтүстікте 17...25 градус, орталықта 25…33 градус, шығыста 30...38 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30...38 градус нөлден жоғары.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді?

Алғашқы онкүндіктің ортасында жылы ауа массасы бұлттарды сейілтіп, ауа температурасы одан сайын көтеріледі. Батыста, солтүстік-батыста 23...31 градус, солтүстікте 25...33 градус, орталық пен шығыста 33...39 градус, кей жерде 41 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33...39 градус, кей жерде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы жаңбырлы болмақ.

Синоптиктер ескерткендей, консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай біршама түзету енгізілуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Жаңалықтар
0