Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Премьер-министр өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты

52
(Жаңартылды 23:47 05.08.2019)
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Сапар аясында премьер-министр жаңа "Болашақ сарайы" балалар және жасөспірімдер сарайының құрылыс алаңына барды, онда 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының басты іс-шараларын өткізу көзделген. 

Асқар Маминнің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға мықты серпін беріп, бизнес-қауымдастықтардың өзара іс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге жол ашады.

Тағы оқыңыз: Мамин: арендалық баспананың құны екі есе артады

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған қыш кірпіш өндіретін ENKI кәсіпорнында үкімет басшысы өндірістің автоматтандырылған процесі мен шығарылатын өнімдер түрлерімен танысты. Зауытта жыл сайын 60 миллионға жуық қыш кірпіш шығарылады. Өндіріс көлемін 90 миллионға дейін ұлғайту мәселесі қаралды.

Облыс орталығында Асқар Мамин жаңадан салынып жатқан "Сарыарқа" шағын ауданына барып, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл шағын ауданда 245 пәтерден тұратын 6 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2025 жылға қарай ауданы 1 миллион шаршы метр болатын 233 көппәтерлі тұрғын үй, 2 мектеп, спорт кешенін пайдалануға беру көзделген.

Асқар Мамин өңірде автожолдарды дамытудың қазіргі көрсеткіштері және жоспарларымен танысты. Ұзындығы 80 шақырым болатын Щучинск – Зеренді жолын реконструкциялау жобасы аяқталды. Жалпы, өңірде жергілікті маңыздағы 400 шақырымнан астам жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қолға алу жоспарланып отыр.

Ақмола облысының Бұланды және Бурабай аудандарында премьер-министрге ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндалды. 2019 жылы 10,3 миллиард теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Тағы оқыңыз: "Наразылық болмайды": Мамин үкіметтің сайлаудан кейінгі жұмысы туралы айтты

Үкімет басшысы өңір экономикасын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық құжаттарда алға қойған мақсаттарына уақытылы қол жеткізу және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалуы үшін күш-жігерді жұмсау керектігін айтты.

52
Кілт сөздер:
өңіраралық ынтымақтастық форумы, Ақмола облысы, Асқар Мамин
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

2071
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

2071
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

960
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

960
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0