Телефон ұстаған ер адам

Туған күннен келе жатқан: Петропавлда мемқызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

1340
Жас жігіттің қалтасында кредитін өтеуге қажетті ақша болған

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Петропавлда 29 жастағы мемлекеттік қызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.

Петропавлда 3 күннен бері Сағындық Салықовты қала болып іздеп жатыр. Мемлекеттік қызметте істейтін жігіт туған кешіне кетіп, қайтып оралмаған. Тіпті, сол түні оның қалтасында кредитін төлеуге қажетті ірі мөлшерде ақшасы болыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Екі айдан соң 29 жасқа толатын Сағындық Салықов әпкесімен бірге тұрады екен. Мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс істеген жігіттің қақ-соқпен ісі жоқ дейді табанынан таусылған туысқандары.

Туысқандарының айтуынша, туған күн кешінен шыққан Сағындық жол бойы таксиден түсіп қалып, жаяу жүрмек болыпты. Тіпті, сол уақытта әпкесімен телефон арқылы тілдескен екен. Көңілге күдік ұялататыны, оның қалтасында несиесін түгел төлеп тастауға жететін ірі көлемде ақшасы болған. Ал, Сағындықты іздеген жақындары бірден полицияға арызданыпты.

Тағы оқыңыз: Түркістандық жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалған

"Үшінші тамыз күні полицияның бірінші бөліміне із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз түскен. Қазір полиция бөлімдері осы арызбен жұмыс істеп жатыр. Іздестіру ісі қозғалған. Сондай-ақ, іздестіру шараларымен ТЖД қызметкерлері айналысуда", - деді СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Данияр Ғалиақпаров.

Бейнебақылау камерасында Сағындықтың сол түні жарығы жанған көшедегі бұрылысты кесіп өтіп, қараңғыға сүңгіп кеткені аңғарылады. Әрі қарай Есіл өзенінің жағалауы. Оның ұшты-күйлі жоғалуына қатысты түрлі деректер айтылуда. Ит жетектеген сарбаздар жас жігітті жағалаудан іздесе, құтқарушылар күндіз-түні судың астын сүзіп жүр.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

Әзірге жоғалған жігіт туған күннен келе жатып не үшін бағытын өзгерткені бәріне жұмбақ күйінде қалып отыр. Қазір құзырлы орган қызметкерлерінен бөлек, 100-ден астам ерікті Сағындық Салықовты іздеуге кіріскен.

1340
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметкерлер, Петропавл
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

3
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

3
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео
Жандарбек Бекшин

Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді

401
Қазір қалада адамдар кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейген

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 маусымда қабылданған қаулыдағы шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қала аумағанда топ болып жиналуға тыйым салынады.

"Қала алаңдарында, аумағында адамдардың топ болып жүруіне шектеу қойып жатырмыз. Қазір адамдар жеке үйлерді, кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейді. Сол себепті осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Сонымен қатар баланы балабақшадан алып қайтуға егде жастағы кісілерді жібермеуге қатысты ұсынысын түсіндірді.

"60-65 жастан асқан кісілер инфекцияны тез жұқтыратын қауіпті топқа кіреді. Ең бірінші талап – оларды оқшаулау. Үлкендер бұл талапты қатаң сақтап келгендіктен науқастар арасында олардың саны көп емес. Жастардың үлесі – 41%,  үлкендердің үлесі жеті процентке жетпейді. Үлкендерге қарым-қатынасты азайту керек", - деді ол.

Қаланың бас санитар дәрігері мемлекеттік балабақшаны ашу туралы мәселе 15 маусымға дейін көтерілмейтінін айтты.  

Сонымен қатар ашық бассейн мен жағажайдың жұмысына рұқсат беру мәселесі де 15 маусымнан кейін қаралатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі 

"Бізде күн ыстық, көбіне судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін көпжылдық талдау көрсетіп отыр. Сол себепті шомылу аймақтарын ашу мәселесін қарастырмаймыз. Оларды 1 маусымнан бастап ашу жөнінде бірқатар ұсыныс түсті, алайда бұл мәселені 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин.

Ол қаладағы спорт кешендерінде бассейн ашық екенін, ал Алматыдағы су қоймаларының сапасы сын көтермейтінін алға тартты.

401
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы