Оқиға

Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
44 жастағы қала тұрғыны бес жасар қызға сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Атырауда 4 тамызда балаға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады azh.kz.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 44 жастағы қала тұрғыны бес жасар қызға сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп отыр.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0