Кісен, архивтегі сурет

Шымкентте он жыл бұрынғы жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды

5550
Көптеген жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адамды полицейлер күтпеген жерден қолға түсірді

ШЫМКЕНТ, 9 тамыз — Sputnik. Алтын сатушылардың тоналуы ісін тергеп жүрген полицейлер он жылдан бері іздеуде болған қылмыскерді ұстады. Ол араға он жыл салып сот алдына келді.

Түнгі клубтағы қақтығыс

2007 жылдың басында Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде жаппай төбелес болып, соңы атысқа ұласты.

Жаңа жылдан кейінгі ырду-дырду бітпеген шақ, сондай кештердің бірінде екі топ арасында жанжал туындайды. Залда сөзге келіп қалған жігіттер "әңгімені жалғастыру үшін" сыртқа шыққан. Ақыры соңы қарулы қақтығысқа айналып кетеді. Топтың бірі клуб жанында тұрған көліктерінен тапанша мен револьвер алып шығып, қарсы топқа оқ жаудырған. Атыс салдарынан бір жігіт қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алады. Үш атқыш қашып кеткенімен, олардың кім екені бірден анықталыпты.

Тағы оқыңыз: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

Полицияның жедел ақпараты бойынша, Шымкенттегі бәсекелес екі бандиттік топ өзара қақтығысқан.

Үш атқышты ұстау

Екі жақтың да мүшелерін толық анықтаған полиция үш атқышқа іздеу жариялайды. "Жәбірленушілер" де қатаң бақылауға алынған.

Көп ұзамай іздеудегілердің бірі ұсталды. Алайда зардап шеккендер ол жігіттің төбелессе де, оқ атпағанын айтады.

Тағы бірнеше күннен кейін полиция үш күдіктінің бірінің денесін жол шетінен тауып алады. Оның қалай қаза болғаны сол беті анықталмады. Жәбірленушілер де, куәгерлер де басты атқыш үшінші жігіт - Нариман Оразов екенін алға тартқан.

Тағы оқыңыз: Шымкентте лифтіде әйелді қатыгездікпен өлтірді: қаскөй сот алдына келді

Оразовтың Қазақстаннан кетіп қалуы мүмкін деген дерек шығып, полиция оған халықаралық іздеу жариялайды. Бәрібір Нариман Оразов сол беті табылмапты.

Қарақшылық шабуыл

2016 жылы тамызда Шымкент әуежайында зергерлік бұйымдар саудасымен айналысатын коммерсанттарға қарақшылық шабуыл жасалды.

Жәбірленушілер Ресейден Шымкентке құны бірнеше миллион теңге алтын алып келген еді. Бизнесмендердің көлігі тұрған тұрақта екі жігіт оларға шабуылдайды. Кәсіпкерлерді ұрып-соғып, көлікке кіргізіп, қала сыртына алып кеткен. Ол жақта да қарақшылар бизнесмендерді есінен танғанша сабап, алтынды олжалап, қарасын батырады.

Жәбірленушілер естерін жиған соң бірден полиция бөліміне барып, шабуыл жасағандардың бірін білетіндерін айтады. Қарақшылардың бірі – Денис Сухинин кезінде олардың кәсіпорнында жұмыс істепті. Полиция бірден іздеуге кірісіп, алайда ол адамның бірнеше күн бұрын отбасын тастап, жұмысынан шығып, кетіп қалғаны белгілі болады.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: кішкентай Кәусарды көршісі өлтіріп алған

Араға бір жыл салып қана, Сухининнің қайда жүргені анықталған. Сонымен бірге күдіктінің жақын араласатын досы да тәртіп сақшыларының назарына түседі. Әрі қарай тергеу жүргізген полиция оның он жылдан бері іздеуде жүрген Нариман Оразов екенін білген.

Екі күдікті де ұсталды.

Он жыл күткен жаза

Тергеу қайта қозғалып, екі достың қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинақталды. Сухинин мен Оразовқа бір топ адаммен сыбайласып, аса ірі көлемде қарақшылық шабуыл жасады, жәбірленушілерді ұрлап әкетті деген айып тағылған.

Сонымен қатар Оразов кісі өлтірді, тағы екі адамға қастандық жасады және оқ ататын қаруды заңсыз ұстады деп айыпталды. Алайда екеуі де кінәсін мойындамай қойған. Бірақ Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Сухинин мен Оразовты бүкіл бап бойынша айыпты деп таныды.

Тағы оқыңыз: Үйленуге ақша жетпей, қылмысқа барды: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды

Нариман Оразов 16 жыл жаза мерзімін қауіпсіздік деңгейі ең жоғары мекемеде өтейді. Ал Денис Сухинин 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

5550
Кілт сөздер:
қылмыс, Шымкент
Тақырып бойынша
Қаланың сыртына алып шыққан: Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасалды
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады
Туысы бөлшектеп тастаған: Алматы облысында аса ауыр қылмыс ашылды
Ақтөбе облысында әкесімен ұрсысып қалған жігіт ауыр қылмыс жасады
Ұялы телефон, архивтегі фото

Батыс Қазақстанда мұғалім жалаңаш отырып видео түсірді

6283
(Жаңартылды 18:28 24.09.2020)
Аудандық білім бөлімі мұғалімнің бұл видеосын алғаш рет көріп отырғанын айтып, жағдайды реттеуге уәде берді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

Январцев орта мектебінде баласы оқитын ата-аналардың айтуынша,  меңгеруші қызметін қатар атқаратын ағылшын тілі пәні мұғалімі TikTok-та арнайы эффекттер мен бейәдеп сөздерді қолданып видео түсірген. Сол видеоны желіде жариялаған. Ал мектеп оқушылары әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Олар ұстазының парақшасына тіркелген және оның видеосын қарайды, дейді оқушылардың бірінің анасы.

"Менің қызым телефонды қолынан тастамайды. Қазір TikTok пайда болды, сол жақта бәрі видео жариялайды. Мұғалімі TikTok-қа әдепсіз видеолар жариялайды. Ол видеода боғауыз сөздер де бар, мұғалім кеудесін жалаңаштап тастаған. Шәкірттері оны көреді", - дейді ол.

Әйел ұстаз балаларға үлгі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің мұндай видео жариялауына қарсы.

"Оқушылардың ата-анасы бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтты, бірақ ешқандай жауап болған жоқ", - дейді әйел.

Ал Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин видеоны енді көріп отырғанын мәлімдеді. Ол жағдайды реттеуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы 

"Мектепке барып, жағдайды реттеймін. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналардың бұл мәселе жайында айтпағанын жеткізді. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жарияламауы керек. Жалпы мұғалімдер балаларға үлгі болып, әлеуметтік желіге жүктейтін материалдарын бақылап отыруы тиіс", - деп түсіндірді Сафиуллин.

Ал мұғалімнің өзі бұл видеоны жариялағанына өкінеді.

"Мұның қате болғанын түсінемін және өкінемін. Парақшамды өшіремін. Оқушылар мен әріптестерімнен осы видеоны жүктегенім үшін кешірім сұраймын", - деді мұғалім.

Қазір мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасын өшірді, видео да жойылды.

6283
Кілт сөздер:
видео, мұғалім
Тақырып бойынша
Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Кезекші сынып мұғалімдерінің жалақысы артады – қосымша қаржы қайдан алынады
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Аурудан қырылып қалған фабрика құстары

Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

1342
(Жаңартылды 14:19 24.09.2020)
Өңірлердегі құс тұмауының алдын алу үшін қосымша вакцина дозалары сатып алынып, 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Бүгінде құс тұмауы жеті облыста тіркелген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәулікте құс тұмауынан кейбір аймақтарда құстардың қырылуы тіркелген жоқ.

  • Ақмола облысында жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 бас құс қырылды (соңғы тәулікте – 0);
  • Жамбыл облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте – 6);
  • Қарағанды облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс (соңғы тәулікте – 12);
  • Қостанай облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше бір тәулікте – 1 112 және 109 567);
  • Павлодар облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 бас құс (соңғы тәулікте – 0);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше бір тәулікте 1 143 және 39 535);
  • Түркістан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 бас құс (соңғы тәулікте – 196).
"Жалпы, жеке аулаларда 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды. Олар – "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС (93 849 бас) және "Агроинтерптица" (109 567 бас)", – дейді министрлік мамандары.

Құс тұмауына қарсы вакцинамен қалай қамтамасыз етіледі

Министрлік мәліметіне сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы бөлінді.

Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина шығарылды (СҚО үшін – 873 мың доза, Қостанай облысы үшін – 21 мың, Павлодар облысы үшін – 465 мың доза).

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина таратылды. Олар:

  • Ақмола облысы – 510 300 доза;
  • Қостанай облысы – 345 218 доза;
  • Қарағанды облысы – 100 000 доза;
  • Жамбыл облысы – 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынып, олар 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.

1342
Кілт сөздер:
құстар, қауіпті ауру, ауру
Тақырып бойынша
Қытайда тағы екі адамға құс тұмауы тиді
Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?
Құс тұмауы Қазақстанның тағы бір облысына жетті
Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді