Ота жасау, архивтегі сурет

Көкшетаудағы футболшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

89
Қайтыс болған спортшының ата-анасы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Көкшетаулық "Оқжетпес" жастар клубының 19 жастағы футболшысы Роман Зюзиннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігерлер кеш қарады

Жас футболшы осы жылдың 14 тамызында сепсистен (іріңдеу) көз жұмған. Оған дейін Роман Зюзиннің ыстығы көтеріліп, ауруханаға жатқызылыпты. Алайда анасы дәрігерлер баласына дұрыс қарамағанын айтады.

"Дәрігер тек 13 тамызда ғана пайда болды. Онда ұлымның жағдайы өте ауыр еді. Елордадан санавиация келді. Олар емдеу тәсілін өзгертті", - дейді Татьяна Мишина.

Қара жамылған ана ұлы жедел жәрдем қызметі мен қалалық аурухана мамандарының диагнозды дұрыс қоймауы салдарынан көз жұмды деген пікірде.

13 тамызда Роман Зюзин комаға түсіп, ертеңінде қайтыс болыпты. Ата-анасы баласының мәйітін тексертуден бас тартқан. Олар өлім туралы куәлікті алу да оңай соқпағанын айтады. Алайда Татьяна Мишина жауапсыз мамандар жазасын тартады деген үмітте.

"Ұлымды қайтара алмаймын. Бірақ біз мұндай дәрігерлердің қолынан өзге адамның зардап шеккенін қаламаймыз", - деді ол.

Қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысының полиция департаменті Романа Зюзиннің өліміне байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 317 бабы 3-бөлігі бойынша (медицина қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Егер сотта күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл іс Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың жеке бақылауында. Шұғыл кеңес барысында өңір басшысы бұл іске жауапты мамандардың барлығы қатысуы қажет екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді

"Барлық медиктен жауап алыңыздар. Мәселені шешіңіздер! Егер қажет болса, ата-анасының рұқсатын алып, эксгумация жүргізуге тырысыңыздар", - деді облыс әкімі өңірдегі полиция департаментінің басшысы Берік Біляловқа.

89
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, дәрігер, өлім, футболшы, Көкшетау
Тақырып бойынша
Он тоғыз жастағы қазақстандық футболшы қаза болды
Қазақстандық футболшының өліміне қатысты мән-жай белгілі болды
Футболшы матч кезінде көз жұмды – қайғылы оқиғаның видеосы
Танымал ресейлік әнші қайтыс болды
Дәрігер

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

89
Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған.

Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Айта кетейік, президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтып, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялағаны белгілі.

Кейіннен Атырау облысында карантин режимі күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Сонымен қатар, энергетика министрлігі мен оның жергілікті жердегі атқарушы органдарына ауысымға келген жұмысшылардың ПТР тестілеуден өтуін 3 күннен аспайтын мерзімде жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына жауапты болады.

89
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген клубта 70-ке жуық адам болған

221
(Жаңартылды 09:06 12.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

221
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады