От

Шымкентте адамның ішкі ағзаларын көшеде өртеген - видео

1394
Медицина қалдықтарын жоюмен айналысатын ұйым ережені өрескел бұзған

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін медицина қалдықтарын Шымкент көшелерінде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Эколайф Астана" компаниясының қызметкерлері қалдықтарды жоюда ереже бұзғандығын тіпті жасырмайтын көрінеді – қолданылған шприцтер, ампулалар, тіпті ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары арнайы пеште емес, жекеменшік аумақтарда өртеліп немесе әдеттегі қоқысқа тасталған екен.

Анықталған деректер бойынша "Эколайф Астана" "Өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған сәйкес 60 АЕК  (151 мың 500 теңге) айыппұл салынуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Шымкентте емші 13 жасар баланы өлтіріп алды - видео

Ұйым бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзған болатын. Экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.

1394
Кілт сөздер:
видео, Шымкент
Тақырып бойынша
Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды
Шымкентте он жыл бұрынғы жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды
Шымкентте көпбалалы ата-ана ұйқыдан оянып, 5 жасар ұлының жоғалғанын білген
Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап тастады
Назарбаев Шымкенттегі жұртты шулатқан оқиға жайлы: Бір нәрседен қорқамыз ба?
Загрузка...