Өңірлер

Жаңаөзенде жүздеген адам көшеге шығып, облыс әкімімен кездесуді талап етті

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина с громкоговорителем, архивное фото
Мужчина с громкоговорителем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдік алдында жиылғандар Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсы

НҰР-СҰЛТАН , 2 қыркүйек – Sputnik. Жаңаөзенде жүздеген адам әкімдіктің алдында жиылды. Олар Қазақстанда қытайлық зауыттардың құрылысына тыйым салуды талап етіп отыр.

Облыс әкімімен кездесуді сұраған қала тұрғындарының видеосы желіде бүгін тарала бастады.

Маңғыстау облысының әкімдігіндегілер жиыннан кейін адамдардың үйлеріне тарағанын хабарлады.

"Жүзге жуық адам әкімдік алдына келді. Адамдар Қытайдың ескі 55 зауытының Қазақстанға көшірілуіне қарсы. Жергілікті әкімдік тұрғындармен ертең кездесетін болды", - деп жауап берді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев осы мәселеге қатысты түсініктеме берген болатын. Ол Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Тағы оқыңыз: Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріле ме - министрлік жауап берді

Вице-министр мұндай ақпаратты блогерлер таратып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің бірлескен 55 жобасына бірнеше министрлік жауапты. Олар – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (27 жоба), ауыл шаруашылығы министрлігі (7 жоба), энергетика министрлігі (20 жоба). Сондай-ақ, бір жоба "Астана" халықаралық қаржы орталығына тиесілі.

 

Жаңалықтар
0