Өңірлер

Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері екі өңірде күн күрт суытып, үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

4-6 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. 5-6 қыркүйекте кей жерде шаңды дауыл соғып, бұршақ түседі. 4 қыркүйекте таңертең және күндіз, 5-6 қыркүйекте тәулік бойы батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, кей жерде екпіні 15-20 м/с болады, ал 5-6 қыркүйекте 23-28 м/с-қа дейін ұйытқиды.

Тағы оқыңыз: Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

4 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік жүріп, күндіз найзағай ойнайды.      

4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Өңірлердегі дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.

Тағы оқыңыз: Қыркүйек айында ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы

Жаңалықтар
0