Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров

Жаңаөзен әкімі ауысты

853
Жаңа әкім бұрын "Өзенмұнайгазда" директордың орынбасары болып жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі болып Мақсат Ибағаров тағайындалды.

Бұл қызметте ол Жаңаөзен қаласының әкімдігін 2017 жылдың желтоқсан айынан бері басқарып келген Әділбек Дауылбаевты алмастырды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңаөзен қаласы әкімінің ауысуына не себеп болғанын және бұл жағдайға жергілікті тұрғындардың 55 қытай зауытының құрылысына қарсы рұқсат етілмеген митинг өткізуінің қатысы бар-жоғын нақтыламады.

Жаңаөзеннің жаңа әкімі туралы не білеміз

Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров 1970 жылы туған. Жоғары білімді, Есенов атындағы Ақтау университетін мұнай және газ кен орындарын пайдалану мамандандығы бойынша бітірген. Тау-кен инженері біліктілігін алған.

Еңбек жолын 1992 жылы наурызда "Өзенмұнай" МГӨБ жерасты ұңғымаларын жөндеу операторы болып бастады. Осы уақытқа дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

Соңғы атқарған қызметі – "Өзенмұнайгаз" АҚ-да бас директордың көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Тағы оқыңыз: Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингіге қатысты түсініктеме берді

853
Кілт сөздер:
әкім, Жаңаөзен
Тақырып бойынша
Сағынтаев Мейрамбек Бесбаевты қызметке тағайындады
Өмірзақ Шөкеев өзінің кеңесшісін орынбасары етіп тағайындады
Тоқаев Нұрпейісов пен Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады
Мәжілістің жаңа депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ
Загрузка...