Кісен, архивтегі фото

Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды

2720
(Жаңартылды 20:47 04.09.2019)
Сотталушылардың бірі соққыға жығылғанын мәлімдеді, адвокаттар істі прокурорға қайтаруды сұрайды

ҚАРАҒАНДЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда жаңа жыл түні болған жаппай төбелес кезіндегі кісі өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Айыптаушылар арасында Армения азаматтары бар, сот отырысы Қарағандының тергеу абақтысында болған.

Іс 63 томнан тұрады. Сотталушылар қатарында 12 адам бар, олардың 11-і қамауда отыр. Он үшінші күдікті – Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейден әлі экстрадицияланған жоқ. Оқиғадан кейін шекара асып үлгерген оған халықаралық іздеу жарияланып, артынша құқыққорғаушылардың қолына түсті.

Алдын ала тыңдау күдіктілер отырған СИ-16 тергеу абақтысында болды. Істі мамандандырылған тергеу сотының судьясы Шәріп Сейсембаев жүргізеді. Отырыста жәбірленуші тарап ешқандай өтінішхат берген жоқ. Бірақ қорғаушылардың айтар талабы бар болып шықты.

Қорғаушылар істі прокуратураға қайтаруды сұрайды

Адвокат Татьяна Рыбалкинаның айтуынша, Малхасян (айыпталушылардың бірі) төбелеске қатысқан жоқ, қаруы да болмаған, жәбірленуші тарап оған айып тақпайды, оның үстіне ол дәйекті мәлімет беріп отыр. Қорғаушы қамауда отырған күдіктінің бұлтартпау шарасын айырбастауды сұрады.

Істі процестік прокурорға қайтару керек, деп атап өтті Рыбалкина. Тағы екі қорғаушы да сондай өтінішхат беріп, қалғандары оларды жақтады.

Тағы оқыңыз: Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы

Бұдан бөлек, қорғаушылардың айтуынша, айыптау актісіндегі баптарды ауыстыру керек, себебі сотталушылардың бәрі кісі өліміне кінәлі емес. Прокурордың пікірінше, өтінішхат қанағаттандырылмауы тиіс немесе процесс кезінде шешуге болады.

Айыпталушы соққыға жығылғанын айтты

Алдын ала тыңдау кезінде айыпталушылардың бірі өзін полицейлердің азаптап, ұрып-соққанын айтты. Қайыр Надырбековтың сөзіне сүйенсек, ұсталғаннан кейін полицейлер оған қылмысты мойындату үшін азаптапты.

Ол судьядан осы дерек бойынша тергеу жүргізуді сұрады. Судья 6 қыркүйекке дейін кеңес бөлмесіне кетті.

Жаңа жыл түні болған жаппай төбелес

Жаңа жыл түні Қарағандыда "Древний Рим" мейрамханасы жанында жаппай төбелес болды. Қатысушылардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмса, екіншісі ауруханаға түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, мейрамхананың жабылуына наразы болған клиенттермен арада кикілжің туындап, арты жаппай төбелеске ұласқан екен. Кейбіреулер төбелеске таныстарын да шақырған. Келгендердің бірі сол жерде ажал құшты.

Тағы оқыңыз: Ер адам әйелі дүкенге кеткенде жантүршігерлік қылмыс жасады

Қоғамдық резонанс

Оқиғадан кейін Қарағандыда наразылық толқыны жүріп өтті. Әлеуметтік желілерде төбелес ұлтаралық алауыздықтан туындады деген ақпарат пайда болды. Қазақстан мен Армения билігі мұны талай рет жоққа шығарған еді.

Қаза болған жігіттің отбасын жақтаушылар 2 қаңтарда түнде мейрамхана иелерімен сөйлесуге барған. "Древний Римге" полиция мен арнайы жасақ, содан кейін облыстық прокуратура басшысы Марат Сексембаев аттанды, ол келіссөз жүргізіпті. Бір аптадан соң полиция департаменті жанында бірнеше санкцияланбаған митинг болды, облыс әкімі Ерлан Қошановтың еңбек демалысынан шығуына тура келген. Жиналғандар істі мұқият тергеп, айыптыларды түгел қамауға алуды сұрады.

Күдіктілердің бірі қашып кетті

Қарағандыдағы мейрамхана жанындағы төбелеске қатысы бар күдікті Нарек Гурурян оқиғадан кейін елден қашып кетті. Ол 9 қаңтарда Омбы облысында ұсталды. Арменияның Ресейдегі елшілігі мәлімдегендей, ер адам полицияға өз еркімен берілген. Одан бұрын Гурурян видеоүндеу жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болса, қазақстандық билікке өз еркімен берілуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол кісі өліміне қатысы барын жоққа шығарды.

Тағы оқыңыз: "Тірідей көміп тастады": Алматыда екі таксисті не үшін қинап өлтірді?

2720
Кілт сөздер:
сот, қылмыстық іс, жаппай төбелес, Қарағанды
Тақырып бойынша
Депутаттар Қарағандыдағы төбелесте көз жұмған жігіттің отбасына көңіл айтты
Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы
Қарағандыдағы қанды оқиға: қашып жүрген күдікті ұсталды
Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті
Қарағандыдағы төбелес: қашқын Армения азаматына қатысты тың ақпарат шықты
Лукин Қарағандыдағы қайғылы оқиға жайлы: кім болса да, жазадан құтыла алмайды
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды

180
Төтенше жағдай салдарынан бөлімше бастығы қаза болды, кәсіпорын технологы ауруханаға жатқызылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері газдың жарылу себебін анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. "Ақсай Жылу Қуат" кәріз-тазартқыш ғимаратының бөлімше бастығы метан жарылысынан көз жұмды. Технологты күйік шалып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазды "Мой Город".

Сейсенбі күні таңертең ағын суларды, адам қалдықтарын тазартатын екі қабатты ғимаратта метанның пайда болуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Салдарынан 59 жастағы кәріз тазартқыш жүйесі бөлімшесінің бастығы оқиға орнында көз жұмды. Күйік шалған 53 жастағы әйел технолог ауруханаға түсті.

Сондай-ақ екінші қабаттың кірпіш қабырғасы мен терезе қаңқасы қирады.

Төтенше жағдайға байланысты таңертеңнен бастап Ақсайда суық су тоқтатылды.

Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды

Ақсай әкімі Амангелді Тоғызбаев полиция жұмыс істеп жатқандықтан, қалалық әкімшілік әзірге үйіндіні тазарта алмайтынын айтты. Қазіргі уақытта су қайта берілді.

Жарылыстың себебін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайды.

180
Кілт сөздер:
жарылыс
Тақырып бойынша
Қапшағайда жарылыс болып, бір адам қаза болды
Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты
Арыстағы жойқын жарылыс: кімдер тергеуге алынды
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео
Алматыда жиһаз цехы өртенді: жарылыс болды – видео, фото
Доллар, архивтегі фото

Маңғыстауда Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды

68
Шетел азаматы Қазақстанда пара беруге талпынғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін  

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Нигерия азаматы Маңғыстау облысында көші-қон полициясының қызметкеріне пара бермек болды.

Ер адам Маңғыстау облысының аумағында еркін жүріп-тұрып, заңсыз қызметпен айналысқысы келген, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция әңгіме қандай заңсыз қызмет жайлы екенін нақтылаған жоқ.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, өзіндік қауіпсіздік басқармасына пара беру әрекеті туралы хабарлаған.

Шетел азаматы ұсталып, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нью-Йоркте қазақстандық ұсталды: министрліктің ресми түсініктемесі

Бұл бап параның он еседен жиырма есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ кінәлінің мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда ұсталған адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.   

68
Кілт сөздер:
Нигерия, шетелдік, пара
Тақырып бойынша
"Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Қазақстанның бірқатар өңірінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Ақшаны білдіртпей тыққан – ирандық әйел Астана тұрғындарын сан соқтырып кетті
Елімізде Өзбекстанның екі мың азаматы көші-қон заңнамасын бұзған
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

22
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

22
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан