Архивтегі фото

Қызды 14 еркек зорлаған: күдіктілер неліктен ұсталмағаны анықталды

1650
(Жаңартылды 20:58 06.09.2019)
Баланың әкесін анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының полиция департаменті адвокат Айман Омарованың мәлімдемесіне түсініктеме берді, ол бүгін президентке Арқалық ауданында 14 ер адам қызды зорлағанын хабарлады. Кейіннен қыз босанған. Адвокат Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады, деп жазды Костанайские Новости.

Тағы оқыңыз: Айман Омарова Тоқаевтан зорланған 13 жасар баланың ісіне араласуды сұрады

Департаменттің тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстановтың айтуынша, полиция зорлау фактісі туралы фельдшер жәбірленушінің жүкті екенін (28-ші аптада) анықтағаннан кейін білген. Осыдан соң 22 жастағы қыздың анасы полицияға шағымданған. Іс 2018 жылдың 19 сәуірінде тіркелді.

"Жәбірленушінің сөзіне сүйене отырып, полиция тағы үш қылмыстық іс қозғады: екеуі әр түрлі уақытта болған зорлау фактісі және адам ұрлау фактісі. Баланың әкесін анықтау мақсатында біз барлық қажетті тергеу амалдары мен сараптамаларды жүргіздік. Күдіктілердің арасында баланың әкесі болмай шықты ", - деді Арыстанов.

Сонымен қатар, олардың барлығы қылмысқа қатысы жоқтығын дәлелдей алды. Полиция күдіктілерді ұстауға заңды негіз болмағандықтан тергеуді тоқтатқан. Қазір қылмыстық іс облыстық прокуратурада жатыр, мұндай шешімнің заңдылығы тексерілуде, себебі кінәлілер анықталмаған.  

1650
Кілт сөздер:
зорлау, Арқалық, полиция
Тақырып бойынша
Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап тастады
Балалар үйіндегі қанды қырғын: павлодарлық үш жасөспірім 6 адамды қалай өлтірді
Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген ер адам әйел зорлады
Еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлаған: Алматыда 14 жасар қыз қоқыс маңынан табылды
Загрузка...