Лопата

Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған отбасының ісіне қатысты тың дерек шықты

6941
(Жаңартылды 09:50 08.09.2019)
2012 жылы болған қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Келесі аптада Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында "отбасылық" кісі өлтіру ісін қарау басталады, деп хабарлады azh.kz.

Осыдан тура бір жыл бұрын Атыраудағы жеке үйлердің бірінде 6 жыл бұрын болған "отбасылық" кісі өлтіру оқиғасы жария етілді, оған қылмысқа қатысушылардың бірі серіктесін бопсалауы себеп болды.

2012 жылы 48 жастағы әйел күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп, жастықпен тұншықтырып өлтірген, содан кейін үлкен қызы мен жиенінің көмегімен денесін бөлшектеп, оны үйдің ауласына көміп, кейінірек ол жерге тауық қора салып тастайды.

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған

Ол кезде қанды қылмыс туралы ешкім білмеді – туыстары отағасы қандай-да бір діни сектаға кіріп, үйден кетіп қалды деген сыбыс таратады. Бірақ бірнеше жылдан кейін жиен әйелден ақша талап ете бастайды, бермесең полицияға бәрін айтып беремін деп қорқытқан. Әйел туысына бопсалады деп арыз жазған. Жиен ұсталған соң полицияға шындықты жайып салған.

Кісі өлтіру және бопсалау ісі қаралды. Жиен "Бопсалау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, "өз кінәсін толық мойындап, өкінгені" және "аса ауыр қылмысты ашуға белсенді көмек көрсеткені" ескеріліп, шартты түрде бес жылға сотталды.

Кісі өлтіру ісіне келек, ол осы жылдың сәуір айында сотқа жолданды, бірақ судья ҚР Қылмыстық-поцестік кодексі бойынша бірнеше заң бұзушылықты анықтап, істі прокуратураға қайтарды. Тамыздың соңында ол тағы да сотқа түсті, сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтардың жойылғаны анықталды. Айтпақшы, марқұмның жұбайы ғана айыпталушы ретінде қаралмақ – қызы мен жиені куәгер ретінде қатысады.

6941
Кілт сөздер:
кісі өлтіру, бопсалау, Атырау
Тақырып бойынша
Туысы бөлшектеп тастаған: Алматы облысында аса ауыр қылмыс ашылды
Анасы мен әжесін өлімші етіп сабады: мән-жайды туысы айтып берді - видео
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Алматы облысының тұрғыны анасын өлтіріп, әкесін ауыр жарақаттады  
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

1358
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

1358
Кілт сөздер:
видео
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

1552
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

1552
базар, өрт, архив

Ақтауда базар өртенді видео

217
"Масат" базарындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

217
Кілт сөздер:
өрт, видео