Бұршақ, архивтегі сурет

Бұршақ және қатты дауыл: ертең ауа райы қандай болады?

3036
Оңтүстікте - қатты жел, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста тұман болады. Батыста ғана жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз +15, кешке 8 градус жылы болады. Күн алабұлтты, аздаған жаңбыр болады.
Алматыда дүйсенбі күні жаңбыр болуы мүмкін. Күндіз +22, түнде 12 градус жылы.

Шымкентте де аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +22 , түнде 14 градус жылы.

Өңірлердегі ауа райы болжамы

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде найзағай болады, күндіз тұман күтіліп отыр. Желдің екпіні - секундына 15-20 метр.

Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жауады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан және Қызылорда облысында дауыл болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы және Қостанай облыстарында найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қостанай облысында тұман күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнайды, тұман түседі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде және Алматы облысының кейбір ауданында өрт қаупі жоғары.

3036
Кілт сөздер:
дауыл, бұршақ, ауа райы болжамы
Тақырып бойынша
Жойқын шаңды дауыл тұрғындардың зәресін алды – қорқынышты видео
Дауыл салдарынан 10 адам Алакөл жағалауындағы аралда қалып қойды
43 адам көз жұмды: Қытайдың бірнеше провинциясын дүлей дауыл ойрандап жатыр
АҚШ-та дауыл кезінде жұмбақ елес видеоға түсіп қалды
Торнадоның белгісіз жағы: АҚШ-тағы дауыл алдындағы қорқынышты видео
Загрузка...