Ақтау, архивтегі сурет

Ақтауда жол талғамайтын көлік жер астына түсіп кетті жаға ұстатар видео

5047
(Жаңартылды 15:50 18.09.2019)
Жұртты дүрліктірген оқиға Маңғыстау облысы Ақтау қаласында таңертең болған. Желіде бақылау камерасына түсірілген видео жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласында Toyota Land Cruiser жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды Lada.kz порталы.

Оқыс оқиға бүгін сағат 07:08-де "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ алдында болған. Жол талғамайтын көлік ғимараттың алдында келіп, кейін айналып бұрылған кезде жер опырылып кеткен. Жаға ұстатар сәт бақылау камерасына түсіп қалыпты. Оқиға куәгерлері де видеоға түсіріп алған. Кейінірек ролик желіде жарияланды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті жер астына түсіп кеткен көліктің жүргізушісі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметкері екенін хабарлады.

"Көлік түсіп кеткен жерде құдық болған. Құбыр жарылып, сол жерде қуыс пайда болыпты. Жүргізуші оны байқамаған. Көлікті бұрған кезде дөңгелегі шұңқырға түсіп кетеді. Жүргізуші полицияға арыз жазған жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жолда келе жатқан әйелді жер жұтып қойды - жантүршігерлік видео

5047
Кілт сөздер:
видео, жол талғамайтын көлік, Ақтау
Тақырып бойынша
Көшеде сөйлесіп тұрған екі әйел асфальт астына түсіп кетті - видео
Қостанай әуежайына қонған ұшақтың дөңгелегі жер астына түсіп кетті
Загрузка...