Жылбысқа қар, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтан мен сегіз облыста ескерту жарияланды

3136
Астана мен Қазақстанның бірқатар облысында синоптиктер қатты жел мен жылбысқа қарға байланысты дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек, - Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның сегіз облысында қатты жел, күн күркіреуі және жылбысқа қарға байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, 22 қырүйекте Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады.

22 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерде күн күркірейді, солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 22 қыркүйекте оқтын-оқтын күн күркірейді, солтүстік-батысан соққан желдің ұйытқуы - 18 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында кей жерде күн күркірейді, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында оңтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с-қа жетеді. 24 қыркүйекте түнде кей жерде жауын-шашын түседі: жаңбыр, жылбысқа қар, 1-3 градус үсік жүреді.

23-24 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с. 23 қыркүйекте түнде жаңбыр, жылбысқа қар жауады, 1-3 градус үсік жүреді.

Тағы оқыңыз: Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

23-24 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с-тан асады.

3136
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, өңірлер, Нұр-Сұлтан
Загрузка...