Жыап отырған қыз

Әбден қылқындырды: Павлодардағы үйлердің бірінде қызға шабуыл жасалды видео

244
(Жаңартылды 13:42 25.09.2019)
Желіде полицияның шабуылға қатысты арызды қабылдамай қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда полиция мұны жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облыстық полиция департаменті Назарбаев даңғылында адамға шабуыл жасау оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПАВЛОДАР ЖАЛОБЫ (@zhaloby_pavlodar)

Департаменттің ресми өкілі Жанар Біләлованың айтуынша, видеодағы ер адамның қызға не үшін шабуыл жасағаны белгісіз. Бұзақы еш нәрсе алған жоқ. Қыз қатты зардап шекпеді.

"Осы әрекеттің себебін біз тек күдіктіні ұстағанда ғана анықтай аламыз. Бұл оқиға үйдің бірінші қабатында болған. Қыз құлаққаппен болғандықтан, бұзақының артынан кіргенін де естімепті", - деді Біләлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде полицияның осы оқиға бойынша арызды қабылдамай қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ол мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Бұл видео кеше, 24 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Біреулер полиция арызды қабылдамай қойды деп жазған. Осыған қатысты тексеріс өткіздік. Оқиғаның 19 қыркүйекте болғанын анықтадық. Сол күні зардап шеккен қыз сағат 22:11-де полицияға хабарласқан. Құқық қорғаушылар уақытында барып, арызды қабылдады", - дейді Біләлова.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ал полицейлер шабуыл жасаған жігітті іздестіруде.

Тағы оқыңыз: "Соңынан қуды": директор астананы дүрліктірген оқиғаның қалай болғанын айтып берді

"Республика бойынша тек Павлодар облыстық полициясында ғана "кері байланыс" деген жоба бар. Зардап шеккен адам полицияға хабарласып, арыз түсіргеннен кейін жарты сағаттың ішінде біздің қызметкерлеріміз ол адамға өздері хабарласады. Осылайша полицияның жұмысына мониторинг жасалады", - деді Біләлова.

Ол шабуыл жасалған қызға да полицейлер бірден хабарласқанын айтады. Алайда қыз полицияның жұмысына шағым айтпаған.

244
Кілт сөздер:
видео, қыз, шабуыл, Павлодар
Тақырып бойынша
Қазақстан азаматы Ресейде шенеунік әйелге шабуыл жасады деп айыпталды
"Татуласу болмайды": қыз алып қашқан жігіттердің жазасы қандай?
"Соңынан қуды": Директор елорданы дүрліктірген оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Сотта жылап жіберді: сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігітке үкім шықты
Қостанай облысында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерек шықты
Загрузка...