ақша, архивтегі фото

Бір күнде байып кеткен павлодарлық жүргізуші ақшаны қайда жұмсайтынын айтты

4286
39 миллион теңге ұтып алған азамат Павлодар қаласында тұрады. Ол миллионер болып шыға келгенін 3 күн бойы білмеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Лотереядан 39 миллион теңге ұтып алған Павлодар тұрғыны ақшаны қайда жұмсайтынын айтып берді, деп хабарлайды жергілікті pavlodarnews.kz порталы.

Павлодар тұрғыны он күн бұрын лотереядан 39 миллион 586 мың теңге көлеміндегі рекордтық джекпот ұтып алған еді. 49 жастағы ер адам жолы болып, миллионер атанғанын үшінші күні ғана білген екен.

"Ол 4800 теңгеге 24 ставка жасаған. Бірнеше ай бойы жиі кездесетін цифрларды бақылап жүріп, соған қарап өз есебін жүргізген. Лотереяда жеңіске жеткен азамат жүргізуші болып жұмыс істейді. Екі баласы бар. Ол ұтып алған ақшасына Павлодардан жеке үй, машина және балаларына пәтер сатып алмақшы", - деді ұлттық лотерея операторының PR-менеджері Асемгүл Сыздықова. 

Сондай-ақ, ол мүгедек жиеніне де баспана алып беруді жоспарлап отыр. 

 

Тағы оқыңыз: Адам сенгісіз оқиға: Қаңғыбас жігіт өз еңбегімен миллионер болды

4286
Кілт сөздер:
ақша
Тақырып бойынша
Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті
Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті миллионер атанды
Анасына көмектеспек болған әйел ойламаған жерден байып кетті
Ер адамның аяқ астынан байып кетуіне автобустан кешігуі себеп болды
Миллионер 21 жылдан соң балаларының әкесі әйелінің көңілдесі екенін білді
Бағын сынағысы келген жігіт оңбай қателессе де, 340 есе байып кетті
Теміржолшы аяқ астынан байып кетті: 14 жылда оның өмірі қалай өзгерді
Полицияға көмектескен қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді
Зертхана

Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды

99
Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекцияны балалар алып келген. Біреуі демалыста ата-анасымен бірге болса, екіншісі Өскемен қаласына барып келген

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы интернетта коронавирус табылды. Ал мамыр айында осы мекемеде төрт бірдей бала қызылшадан қайтыс болған еді, деп хабарлады "Еуразия Бірінші арнасы".

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар интернаттан тыс жерде болған.

"Балалардың біреуі демалыс кезінде ата-атасымен бірге болған. Ал екінші бала Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығында жатып келген. Екеуі де үлкен топтың балалары. Бұл паллиативті топ емес. Осы балалармен қарым-қатынаста болған тәрбиешілер мен күтушілер мекемеден тыс жерде оқшауланып отыр", - дейді Сәрсебаев.

Ал мамыр айында болған жағдай бойынша тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Оны балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саин қадағалап отыр. Осы істі ішкі істер минстрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жеке бақылауға алды.

Интернаттағы балалар өлімі

18 мамырда Аягөз қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері қызылшадан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ондаған бала инфекциялық ауруханаға түскен. Бірнеше балада ішек инфекциясы анықталып, төртеуі қайтыс болды.

Екі күннен кейін шенеуніктер тергеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, төрт баланың туа біткен аурулары асқынып, сәуір айында әртүрлі уақытта қайтыс болған. Мәселен, 2008 жылы туған бала 2 сәуірде қайтыс болса, одан бір жас кіші тағы бір ер бала 11 сәуірде көз жұмды. 20 сәуірде 2006 жылғы бала, ал 29 сәуірде 2012 жылы туған қыз қайтыс болды. Төртеуінен де ата-анасы бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді

Аягөз облыс орталығы – Өскемен қаласынан 310 шақырым шалғай жерде орналасқан. Балалар омбудсмені Аружан Саинның айтуынша, мекеме алыс орналасқаннан кейін қоғам белсенділері үшін оны бақылап отыру қиын. Осыған байланысты омбудсмен шағын қалаларда орналасқан интернаттарды орталық қалаларға көшіруді талап ететінін мәлімдеді.

99
Кілт сөздер:
коронавирус, балалар өлімі
Тақырып бойынша
Мүгедек балаларды азаптаған: Павлодарда орталық қызметкерлері сотталды – видео
Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты
"Өз бағасы 833 теңге": министрлік тест неге қымбатқа түсетінін түсіндірді
Қазақстанда балаларға жыныстық қатынас жайлы 3-сыныптан бастап айту ұсынылды
Аягөз – Семей тасжолында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті
Қорғаныс құралы

Түркістан облысында желіде видео жариялаған дәрігер қызметтен қуылды

708
(Жаңартылды 10:14 02.07.2020)
Дәрігер "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасып, 7 жыл хирургия бөлімінің меңгерушісі болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қызмет барысында пайдалану үшін жұмыс орнынан берілген сапасыз медициналық қолғаптарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялағаны үшін Түркістан облысы Келес ауданындағы "Абай" ауруханасының хирургы Қайрат Сейдуәлиев жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

Видеода аурухана хирургі ота жасау үшін сапасыз қолғаптар берілгенін ашық айтқан.

Дәрігер аурухана әкімшілігінің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете алмай отырғанына елдің назарын аударып қана қоймай, мәселені шешеді деп үміттеніп, видео түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Желіде қызу пікірталас тудырған видеодан кейін дәрігердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

33 жастағы хирургтың айтуынша, ол осы ауруханада 8 жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. 7 жыл хирургия бөлімінің меңгерушісі болған.

Дәрігердің айтуынша, 2020 жылдың ақпан айында жаңа басшылық келгелі, ауруханада мамандарды негізсіз қудалау басталған. Сонымен қатар, ол медициналық жабдықтардың тапшылығы артқанын да алға тартады.

"Өте сапасыз қолғапты көрсеткенім үшін аурухана әкімшілігі мен бас дәрігер, оның орынбасарлары, кадр бөлімі бастығы, заңгер мен ауруханалар одағының төрағасы, шамамен 10 адам маған хаттама толтырды. Содан кейін үш минут ішінде олар мені жұмыстан босату туралы бұйрық әкелді",– дейді Қайрат Сейдуәлиев.

Аурухана әкімшілігінен қаржылық көмек сұрамадым, деген ол пандемия кезінде қорғаныс құралдарын берсін дегісі келген.

Ал аурухананың бас дәрігері керісінше айтады. Хирургтың жұмыстан шығарылуына бірнеше себеп бар. Жалған ақпарат таратудан басқа, пациенттің шағымын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданыпты. Сондықтан аурухана әкімшілігі дәрігерді жұмыстан шығаруға мәжбүр болған.

"Стационарда қолғаптар қол өлшемі бойынша беріледі және ол мұны өте жақсы біледі. Жауапты маманға жағдайды айтудың орнына, ол видео түсіріп, желіге жүктеді. 30 маусымда ол екінші бейне жариялады. Сонымен қатар, Қайрат Сейдуалиев 2020 жылдың ақпан айында сөгіс алған. 30 наурызда оның үш сағат бойы науқасқа ешқандай көмек көрсетпегені туралы шағым түсті",– дейді "Абай" ауруханасының бас дәрігері Аида Бексұлтанова.

Оқи отырыңыз: "Алып кет": бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген атышулы видеоға түсініктеме берді

Комиссия шешімімен келіспеген хирург енді президент пен облыстық денсаулық сақтау саласының басшыларынан араша сұрауға ниетті.

708
Кілт сөздер:
хирург, дәрігер
Тақырып бойынша
Коронавируспен түседі: Нұр-Сұлтанда бас дәрігер ауруханадан видео жариялады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігер сотталып кетті
Бас санитар дәрігер қазақстандықтардың масканы дұрыс тақпай жүргенін айтты
Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0