НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр мен жабысқақ қар жауады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашын түседі.
30 қыркүйекте түнде, 1 казанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек, 1-2 казанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 1-3 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 3-8 градус аязга дейін төмендейді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, Жамбыл облысында тұман түседі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс, Жамбыл облысының батыс, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.