Полицей

Тұрғымбаев Ақмола облысының полиция басшысын қызметінен шеттетті

187
(Жаңартылды 15:27 08.10.2019)
Облыстық полиция департаментінің басшысы өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық дауына ілігуіне байланысты қызметінен босату туралы рапорт жазды   

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің басшысын қызметінен шеттетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі бұл жағдайдың тергеумен байланысты екенін мәлімдеді.

"Департамент басшысының орынбасары Асан Сәдуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Сәуле Жұмалина сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Берік Біләлов атқарып отырған лауазымынан босату туралы рапорт берді", - делінген хабарламада. 

Министрдің бұйрығымен Ақмола облысы бойынша полиция департаменті басшысы міндетін атқарушы болып криминалды полиция департаментін басқаратын полиция генерал-майоры, Арманбек Баймурзин тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Министр желіні шулатқан жергілікті полиция бастығын жұмысынан босатты

Өңірде жоғары шенді полиция басшыларының ұсталғаны жөнінде ақпарат осы жылдың 4 қазанында тараған. Олар сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінген. Кейін екі полиция полковнигі қамауға алынды. Ведомство өкілдері Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің орынбасары ішкі істер органдарынан шығарылғанын атап өтті. Бүгінде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

187
Кілт сөздер:
полиция, Ерлан Тұрғымбаев
Тақырып бойынша
Ат мініп, желіні шулатқан: министрлік Аян Дүйсенбаевты қызметінен босатуды сұрады
"Мы братва, банда" Атышулы видеоны таратқан полицей қайта жұмысқа тұра ала ма?
Көшеде үлкен дәретке отырған полицейді видеоға түсірген әріптесі де жұмыстан қуылды
Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды
"Кешірші, інім" Видеоны өшірші деп жалынған инспектор жұмыстан қуылды   
Тұрғымбаев желіні шулатқан орынбасары туралы сұраққа жауап берді
Загрузка...